Назарбаев Университеті «Ғылым көшбасшысы» атты Web of Science марапатына ие болды

2018 жылғы 20 қыркүйекте Назарбаев Университеті «Web of Science Core Collection» дерекқорына сәйкес соңғы бес ішіндегі Қазақстан Республикасының бес университетінің арасында «ғылыми жарияланымдарға сілтеме жасау саласындағы көшбасшы» номинациясы бойынша «Ғылым көшбасшысы» атты Web of Science  тәуелсіз марапатына ие болды.

Жыл сайын Clarivate Analytics халықаралық компаниясы «Ғылым көшбасшысы» Web of Science  марапатын жоғары білімді және ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі өте тиімді және маңызды болып табылатын білім беру мекемелеріне, ғылыми-зерттеу институттарына, ғылыми журналдар мен жеке ғалымдарға  тағайындайды.

Бұл марапат жаһандық және өңірлік академиялық қоғамдастық арасындағы ең беделдісі және оның лауреаттарының саны әлемде ешқашанда 500-ден асқан емес.

2011 жылдан бастап Қазақстандағы жыл сайынғы марапаттау рәсімінде   белгілі ғалымдар мен зерттеушілерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сыйлық беріледі.

Назарбаев Университетiнің ғалымдары көптеген салаларда зерттеулер жүргізеді және инновацияларды енгізу, талдау және ынтымақтасу арқылы адамдардың білімін одан әрі дамытуға тырысады. Назарбаев Университеті құрылғаннан бері 8 жыл бойы, 500-ден астам оқушыларымен және зерттеушілерімен бірге, Қазақстандағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі болып табылады.