Назарбаев Университеті ғалымдарының жобаларына француз әріптестер қосылуда

Назарбаев Университетінде ғылыми ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-француздық семинар басталды. Семинарға Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығының гидрология, фотовольтаика және smart grid технологиялар саласындағы ғылыми жобаларына қосылуға ниет білдірген Франция ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты.

Француз делегациясының құрамындағылар – Еуропалық үздіксіз білім беру орталығының (CEDEP) президенті Франсуа Ваше (Francois Vachey), Францияның Жоғары білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі, биология профессоры Кристиан Керьель (Christiane Keriel), Париж технологиялық институтының МИНЕС жоғары мектебі Геология орталығының инженерия бойынша маманы Мишель Пулен (Michel Poulin), Пьер және Мария Кюри Университетінің қоршаған ортаны зерделеу бойынша «Сена» пәнаралық бағдарламасының жетекшісі Жан-Мари Мушель (Jean-Marie Mouchel).

Француз ғалымдар Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығының smart grid технологиялар саласындағы «ақылды желілер» жобасына қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта Назарбаев Университеті кампусының аумағында күн панельдері энергиясымен және жел қондырғыларымен іске қосылатын тәжірибелі шағын станция жұмыс істейді. Жүйе станцияда шығарылатын энергияны бақылайды және күні бойы станцияның энергия тұтынуының мониторингін жүргізеді. Айта кететін жайт, бақылау және есепке алу жүйесінің өзі күн мен желден аккумуляцияланған энергиямен жұмыс істейді.

Бұдан басқа, семинар барысында француз әріптестер «Бурабай» ұлттық паркінің су жүйесін қорғау моделін жасау және күн фотовольтаикасын дамыту жобасын ұсынды. Бүгін, 2012 жылғы 26 маусымда француз және қазақстандық зерттеушілер Астана қаласының Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының қолдауымен Щучинск-Бурабай аймағы көлдерін көріп байқау үшін Ақмола облысына кетті. Қазақстандық ғалымдардың мәліметі бойынша, ағымдағы климаттық жағдайлар мен қорғашан ортаның жай-күйі сақталатын болса, Щучинск-Бурабай аймағы көлдеріне шамамен 120-180 жылдардан кейін толығымен құрып кету қаупі төніп тұр. Сапардан кейін сарапшылар көлдердің су жүйесінің жай-күйі туралы алдын ала қорытындыны жария етеді. Ал ертең, 2012 жылғы 27 маусымда Назарбаев Университетінде Қазақстандағы күн панельдерін өнеркәсіптік өндіру бойынша фотовольтаика саласындағы бірлескен жоба таныстырылатын болады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz