Назарбаев Университеті Future Energy Forum аясында Халықаралық ғылыми және университеттік конференцияны өткізді

12-13 шілде күндері Назарбаев Университеті Future Energy Forum аясында “Климаттың өзгеруі және СО2 шығарындыларын азайту” атты халықаралық ғылыми және университеттік конференцияны өткізді.

Конференция барысында қатысушылар – 4 құрлықтың, 7 жетекші университеттердің, 13 әлем мемлекеттерінің өкілдері климаттың өзгеруіне қарсы күрес аясындағы саяси, экономикалық және халықаралық бастамалары бойынша мәселелерді талқылады.

Конференция сессияларының және спикерлерінің тақырыптары әр түрлі пікірлер мен көзқарастарды ескере отырып, климаттың өзгеру проблемаларын жан-жақты қарастыру және талқылауға бағытталған.

Конференция қатысушыларына арналған өз сөзінде Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу конференция климаттың өзгеруімен байланысты ағымдағы проблемаларды жақсы түсінуге ғана емес, сондай-ақ оларды шешудің ықтимал жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді деп сенім білдірді. Әлемнің әр азаматының күш-жігерін талап ететін бұл жаһандық проблеманы шешудебірлескен жұмыстың  маңызы зор екендігін атай отырып, ол жастардың бойында біздің планетамызды қорғауға қатысты жауапкершілік сезімін дамыту және болашақта энергетиканы тұрақты дамытудың мәнін оларға жеткізу қажет екендігінее іс-шараға қатысушылардың назарын аударды.

Арнайы презентациясымен Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың (ИТЭР) ғылыми қызметкері Аксель Винтер сөз сөйледі. ИТЭР – құны бірнеше миллиард евро болған, ауқымды халықаралық жоба, ол ЕО, Үндістан, Қытай, Корея, АҚШ, Жапония, Ресей және Қазақстанның 2025 жылға дейін таза энергияның қолжетімді және қауіпсіз көзін әзірлеудың жалпы ұмтылысын көрсетеді.

Сондай-ақ, Альберт Гормен бірге 2007 жылы Нобель сыйлығын алған Орнықты даму жөніндегі дүниежүзілік форумының Президенті, бұрынғы Intergovernmental Panel on Climate Change (МГЭИК) Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасы д-р Раджендра Пачаури баяндама жасады.

Жекелеген сессия СО2 шығарындыларын азайту бойынша елдердің тәжірибесіне арналды, онда Швейцария, Чили, Жапония және Африка елдерінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті және тұрақты даму сын-қатерлері мен мүмкіндіктері туралы айтылды.

“Жасыл энергетикадағы озық технологиялар” сессиясы аясында стартаптардан бастап қолданыстағы технологияларға дейін қазақстандық инновациялық жобалар көрсетілді.