Назарбаев Университеті «Елорда жұлдызы» сыйлығына ие болды

2018 жылғы 10 желтоқсанда «Астана» концерт залында «Елорда жұлдызы» сыйлығымен алғашқы салтанатты марапаттау рәсімі  өтті. Назарбаев Университеті осы құрметті сыйлықтың иегері болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев НУ Провосты Илесанме Адесидаға және Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент Қадиша Даироваға жұлдызды хрусталь мүсінді табыстады.  

Құрметті марапат  еліміздің бас қаласының дамуына елеулі үлес қосқан және Қазақстанның даңқын дүниежүзі бойынша шығарған елордадағы ұжымдарға, ұйымдарға және әйгілі қала тұрғындарына берілді.  «Astana Ballet» театры, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» велокомандасы, «Спарта-Номад Астана» КВН командасы, «Жастар» театры, сондай-ақ медициналық кластердің атынан Юрий Пя мен Серик Ақшолақов хрусталь мүсінге ие болды.