Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдай бастады

Назарбаев Университетінде талапкерлерді тікелей бакалавриат бағдарламасына, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарынан ауысу  арқылы оқуға қабылдау жұмыстарын бастады. Талапкерлерді тіркеу жұмыстары ағымдағы жылдың  15 маусымына дейін жалғасады. Қабылданған студенттер 2013 жылғы күзде оқуларын бастайды.
«Былтыр біз алғаш рет біздің талапкерлерге тікелей түсу– Direct admission, және басқа университеттерден ауысу – Transfer Students Admission мүмкіндігін ұсындық.  Нәтижесінде 27 бала оқуға түсті және  1 курстың  бакалавриат бағдарламасы бойынша оқи  бастады, ал екі студент Алматы және  Петропавл қалаларындағы жоғары оқу орындарынан ауысып, өз оқуларын жалғастырды», – деп атап өтті Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің директоры Динара Ашықбаева.
Былтыр  Назарбаев Университеті Университет алдындағы дайындық бағдарламасы (Foundation) бойынша оқытусыз, тікелей  бакалавриат бағдарламасына студенттерді қабылдай бастады. Оқуға түскісі келетіндер үшін Оқуға қабылдау ережелері мен нұсқаулықтар университеттің сайтында орналастырылған. Барлық талапкерлерге   онлайн-тіркеуден  өту қажет. Былтырғы жылдағы сияқты биыл университет халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына оқуға түсудің арнайы шарттарын ұсынып отыр.
Бүгінгі күні Назарбаев Университетінде 1500-ге жуық студент білім алып жатыр.  Университеттің алты мектебі бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша  академиялық бағдарламаларды ұсынады. 

apkecm.nu.edu.029346 apkecm.nu.edu.029345

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz