Назарбаев Университеті Азия университеттерінің 2018 жылғы Альянсының Саммитіне қатысты

9 сәуірде Қытайдың Санья қаласында Азия университеттерінің Альянсы (ААА) басқармасының  отырысы өтті. Кеңеске Азия университеттерінің Альянсы институттарының 15 басшы лауазымды тұлғалары, оның ішінде Шигео Катсу мырза, Назарбаев Университетінің (НУ) Президенті, профессор Илесанми Адесида, НУ провосы және Арман Жұмажанов, НУ Президенті офисінің бастығы, қатысты.

Кеңестің барысында AAU болашақтағы даму стратегиясы мен саясатына,  студенттердің, оқытушылары мен персоналдың ұтқырлығы саласындағы іс-шараларға, ғылыми-зерттеу  ынтымақтастығына, сондай-ақ қаржылық және бюджеттік есептілікке және жоспарлауға басты назар аударылды.

– Назарбаев Университеті екі бағдарламаны ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты болып тағайындалды:  2018 жылы студенттердің  мәдениетке терең бойлауына арналған «Deep Dive Азия» екі апталық бағдарламасы және  2019 жылы «21-ші ғасырдағы жаһандық басқару» студенттік конкурсы.

Кездесуде сондай-ақ 2018-2019 жылдары Индонезия университетінің Атқарушы төрағалық етуінен кейін  2019-2020 жылдары Коломбо Университеті атқарушы орган функцияларын орындайтын болады деп шешім қабылданды.

Осы кеңестен кейін жыл сайынғы  Боао азиялық форумы (BFA) -2018 өткізілді. Биыл БФА жыл сайынғы конференциясының тақырыбы: «Әлемнің барынша гүлденуі жолындағы ашық және инновациялық Азия».

Ашылу рәсімінде Қытай Президенті – Си Цзиньпин сөз сөйледі. BФA шеңберінде AAU құрылтайшыларының көшбасшылары Дөңгелек үстелге қатысып,  Азия университеттерінің міндеттері мен миссиясы, олардың төртінші индустриялық революцияға ықпалы,  инновациялар мен  технологияларды беру  туралы мәселелерді талқылады.

AAU туралы анықтамалық ақпарат: 2017 жылы бүкіл Азия елдері өкілдерінің 15 жетекші университеті бірлесіп Азия университеттерің  Альянсын (AAU) құрды,  бұл жалпыға бірдей бейілді,  озық тәжірибелері мен желілері бар осы саладағы алғашқы коалиция болып табылады. Альянстың миссиясы өзара ынтымақтастықты нығайту жолымен өңірлік және жаһандық, оның ішінде,  жоғары білім берумен және экономикамен, ғылыми-техникалық дамумен байланысты проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады.