Назарбаев Университеті: Азия университеттері Альянсының бірлескен құрылтайшыларының бірі

Азия Университеттерінің Альянсы (Альянс) Қытайдың Пекин қаласы Цинхуа Университетінде 2017 жылы 29 сәуірде ресми ашылды.
Мемлекеттік органдар, елшіліктер, Қытай университеттерінің өкілдері мен 15 құрылтайшы-жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан салтанатты ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасының Вице-премьері басшылық етті.
Альянстың миссиясы құрылтайшы-жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты нығайту жолымен жоғары білім берумен, экономикалық және ғылыми-техникалық дамытумен байланысты өңірлік және жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу болып табылады.

Альянс Назарбаев Университетіне қандай артықшылықтар береді?

Альянс Назарбаев Университетіне (НУ) зерттеулер, оқытушылар және студенттер алмасу, бірлескен жазғы бағдарламалар саласында, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізуде күш-жігерді біріктіру үшін 15 құрылтайшы-университет арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді.
НУ қазіргі әлемде табысты зерттеулердің халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізілетінін жақсы біледі. Сондай-ақ, НУ студенттер контингентін интернационалдандыруды басым міндет деп санайды, осыған байланысты Альянс әріптестерімен бірлескен жазғы бағдарламалар НУ-да интернационалдандыру процесінің нығаюына әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, НУ жоғары оқу орындарымен байланыс орнату және Альянстың қызметі туралы ақпарат беру арқылы, сондай-ақ Орталық Азияның университеттері арасында ынтымақтастықты жолға қою үшін жаңа мүмкіндіктер жасау арқылы Альянсқа оның миссиясы мен құндылықтарын ілгерілетуге көмектеседі.
Альянстың құрылтайшы-университеттерінің бірлескен мәлімдемесінде студенттердің академиялық ұтқырлығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы мен инновацияларды нығайту, жоғары деңгейде диалогтар ұйымдастыру, жоғары білім беру стратегиясы мен саясатын талқылау, сондай-ақ Азиядағы жоғары білім берудің дамуы туралы жыл сайын баяндама жариялау және тарату ниеті атап көрсетілген.

Альянстың негізін қалаушылардың қатарына келесі жоғары оқу орындары кіреді:
1. Чулалонгкорн Университеті (Тайланд);
2. Гонконг ғылым және технологиялар университеті (Гонконг);
3. Бомбейдің технология институты (Индия);
4. Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) Сауд Королінің Университеті;
5. Сингапурдың Ұлттық Университеті (Сингапур);
6. Назарбаев Университеті (Қазақстан);
7. Пекин Университеті (Қытай);
8. Сеул Ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея);
9. Цинхуа университеті (Қытай);
10. Біріккен Араб Әмірлігі университеті (БАӘ)
11. Индонезия университеті (Индонезия);
12. Коломбо Университеті (Шри-Ланка);
13. Малайзия университеті (Малайзия);
14. Токио университеті (Жапония);
15. Янгон университеті (Мьянма).

Жаңа Альянсқа оның қалыптасуы кезеңінде қызметін жолға қою мүмкіндігін беру үшін бастапқы екі жыл бойы Альянс қатысушылар санын ұлғайтуды жоспарлап отырған жоқ.
Құрылтайшы-университеттер болашақта азия қоғамында жоғары білім аса маңызды рөл атқарады және жоғары білімнің айқын үрдісіне айналып келе жатқан экономикалық жаһандану бәрібір ашықтыққа әкеледі деп санайды. Альянс осы үрдісті назарға ала отырып құрылтайшы-жоғары оқу орындары арасында да, сондай-ақ университеттер арасында да және Альянс шегінен тыс жерлерде де барынша тығыз байланыстар орнатады.

Альянстың жастар инновациялық семинары

Назарбаев Университетінің үш студенті 2017 жылғы 25-29 сәуірде Цинхуа Университетінде өткен Альянстың салтанатты ашылу рәсіміне, сондай-ақ Альянстың жастар инновациялық семинарына қатысу құрметіне ие болды.Төрт күндік семинар барысында студенттерге сыни ойлау, дизайн бойынша сабақтар жүргізілді, сондай-ақ оларға жаһандық проблемаларды шешу үшін креативті тәсілдер ойлап табуға көмектескен ғылыми экскурсия өткізілді. Азияның таңдаулы 14 университетінен келген 51 қатысушы 5 топқа бөлінді, әр топ Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарына сай болды. Соңғы күні студенттер өз жобаларының нәтижелерін құрылтайшы-университтердің қатысушыларына көрсетті. Семинар сондай-ақ мәдени алмасу үшін де жақсы алаңға айналды. Студенттер мәдени зерттеулер бойынша сабақтар уақытында қытайдың каллиграфиясын және дәстүрлі қағаз кесуді зерделеу мүмкіндігіне ие болды. Жапония, Мьянма, Малайзия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Тайландтан келген студенттермен кездесу және өзара іс-қимыл осы елдердің мәдениетін барынша терең түсінуге жол ашты.