Назарбаев Университеті аумақтық медицина саласындағы зерттеулердің таратылуын жалғастырады

Орталық Азиядағы тұңғыш халықаралық рецензиялаудан өткен медициналық ғылыми журнал үшінші нөмірін шығарылымға дайындап жатыр. Журнал ғылыми салаларда танымал болып үлгерді, сондай-ақ, басылым АҚШ-та жаһандық денсаулық тақырыбы бойынша, ғылыми журналдардың арасында, Google іздеу жүйесі бойынша озат үштікке кірді.
 «Central Asian Journal of Global Health» / «Жаһандық денсаулық тақырыбындағы Орталық Азия журналы» Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығы мен Питтсбург Университетінің бірлескен әрекетімен шығарылады. «Жаһандық денсаулық Орталық Азия журналы» жаһандық денсаулық сақтау, эпидемиология, практикалық және тәжірибелік медицина, фармакология, биомедицина және биоинженерия проблемаларына арналған күрделі мәселелерді көтеріп отырған рецензиялы, периодикалық ғылыми басылым болып табылады.

 «Біз өз ғалымдарымыздың және өз аумағымызда өткізіліп жатқан зерттеулерге сүйеніп отырмыз. Мақсатымыздың бірі – Қазақстан жән Орталық Азияда өткізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің сілтемелік деңгейін көтеру. Журнал ағылшын тілінде басылып шығарылады. Авторлардың мақалалары жұмыстарының рецензиялауының нәтижелері бойынша тегін түрде басылады», – деді Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының қызметкері, «Central Asian Journal of Global Health» редакция алқасының мүшесі Шалқар Адамбеков.

 «Central Asian Journal of Global Health» журналының алқасына медицина мен денсаулық сақтаудың түрлі салаларының жетекші мамандары кірді, оның ішінде Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының қызметкерлері де бар. Журналдың бас редакторы – Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің профессоры, доктор Фаина Линьков. Баспашылар ең алдымен, басылымда жарияланған зерттеулердің аудиторияға барынша қолжетімді болғанын қалады, сондықтан да басқа ғылыми журналдармен салыстырғанда, «Central Asian Journal of Global Health» журналы еркін жетімді болып табылады.  

Журнал The University Library System (ULS) баспасында шығарылады. Ол ғылыми периодикалық басылымдарды жариялайтын, еркін электрондық қолжетімді әлемдік жетекші баспа. 2014 жылы «Central Asian Journal of Global Health» журналының редакциясы The Thomson Reuters жүйесіндегі импакт-фактор басылымның құрамына енуді, сонымен қатар басылымды Scopus дерекқорына еңгізуді жоспарлап отыр.

apkecm.nu.edu.032347

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz