Назарбаев Университеті Алматы қаласында Ашық есік күнін өткізді

Бүгін Алматы қаласында Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры  «Назарбаев Университеті» Ашық есік күнін өткізді. Келушілердің бәріне оқуға түсу рәсімдері, оқу және мамандықтар бойынша, университетті бітірушілердің мансаптық өсуі мүмкіндігі мен кампустағы тыныс-тіршілік туралы  бірегей ақпарат алуға, сондай-ақ университетте тұрудың ерекшеліктерімен және демалысты  ұйымдастырумен танысуға мүмкіндік берілді. 

Алматы қаласының және жақын орналасқан өңірлердің көптеген әлеуетті талапкерлері мен олардың ата-аналары жоғары оқу орнына түсу мен оқу туралы көзкөргендерден тікелей естіп білу үшін іс-шараға ынталы ықыласпен қатысты. 2014-2015 оқу жылына талапкерлерді тіркеу үстіміздегі жыл қараша айының алғашқы күндері басталды, келесі жылдың наурыз айында жоғары оқу орны тікелей оқуға түсуге үміткерлерді және басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға тілек білдіргендерді тіркеуді бастайды.

Меймандар үшін таныстырылымды Астанадан келген, НУ бакалавриатының барлық мектептерінің атынан өкілдік еткен (Инженерия мектебі, Ғылым және Технологиялар мектебі, Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар мектебі)  Университеттің оқытушылары жүргізді, сондай-ақ Даярлық Оқыту Орталығының (UCL) оқытушылары қатысты. Іс-шараның соңында  Назарбаев Университетінің өкілдері ашық есік күніне келушілердің барлығы үшін университет логотипі бар қызықты ұтыстар ойнатылған лотерея ұйымдастырылды. 

Алдын ала есептеулерге қарағанда іс-шараға 400-ге жуық адам қатысты. Қазіргі уақытта Назарбаев Университеті еліміздің өңірлерінде дәстүрге айналған көшпелі таныстырылымдар жүргізуде. Өңірлерге бару кестесін университеттің сайтынан көруге болады. 

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:

010000, Астана, Кабанбай батыра даңғылы, 53, каб.1115

+7(7172)706090, 706087, 706089, 706091.