Назарбаев Университеті 2017 жылы 8-11 шілдеде Фудан Университетімен, Қытай, ынтымақтасып Жаһандық басқару бойынша Жастардың инновациялық жарысын өткізді

8-11 шілдеде Назарбаев Университеті Фудан Университетімен ынтымақтасып Жаһандық басқару бойынша жастардың 11-ші Инновациялық жарысын өткізді, әлемнің 32 елінен 66 студент жиналған жарыстың тақырыбы «Болашақ және орнықты инфрақұрылым энергиясы» болды.  

Іс-шаралар тақырыбы Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Саммитіндегі төрағалық етуімен,  «Болашақ энергиясы» халықаралық ЭКСПО көрмесінің тақырыбымен, «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен және Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму  мемлекеттік бағдарламасымен байланысты болды.  Жыл сайынғы шараны 2007 жылы Фудан Университеті іске қосқан болатын оған Қытайдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) демеушілік жасады. Бүгінгі таңда осы іс-шара жастарды жаһандық басқару мәселелеріне шабыттандыру және тарту үшін жыл сайын әр елде өткізіледі.

198 өтінімнің арасынан ұқыпты таңдалған 66 студент-финалист топтарға бөлініп жаһандық басқару мен болашақ энергиясы туралы өздерінің инновациялық жобалары мен идеяларын таныстырды. Назарбаев Университетінің атынан Мемлекеттік саясат саласында магистратура бағдарламасында білім алып жүрген екі студент өкілдік етті.   Жоба «Астана қаласында қайта ұқсатуды іске асырудың қиындықтары» тақырыбын  ұсынды.

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу және Фудан Университетінің Қауымдастырылған  Вице-президенті Чен Зимин қатысушыларды құттықтап, оларды әлемдік проблемаларды шешуге өз үлестерін қосуға үндеді.  Төрешілердің халықаралық құрамы Назарбаев Университетінен, Латвия Университетінен, Вирджиния Университетінен, Киев Университетінен, Рур университетінен, Бабеш-Бойяи Университетінен болды.

Қатысушылар әр түрлі тақырыптар бойынша спикерлер болды және кездейсоқ 10 топқа бөлінді, олар екі күн бойы жаһандық басқарудың сыни проблемаларын шешуді кооперациялау және дамыту үшін қызу пікір алмасты. Наградалар келесі номинациялар бойынша ұсынылды: ең инновациялық команда, таңдаулы спикер және ойыншы, ең құнды жоба. Сингапурдың Наньян Технология Университетінің, Нанжинг Университетінің және Фудан Университетінің студенттерінен құралған команда ең инновациялық команда номинациясында үздік шықты. Фудан Университетінің сол студенті  таңдаулы спикер атанды.