Назарбаев Университеті 2012 жылы ғылыми зерттеулерге үлкен мән беретін болады

Осыған орай, Университет зерттеу жұмыстарын ғылыми рецензиялаудың ішкі тәртібін, оның ішінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып әзірлейтін болады. Сонымен қатар Университетте адамдарға қатысты зерттеулердегі этикалық және өзге де нормалардың сақталуына, сондай-ақ тиісті зерттеулердегі жануарлардың құқығының сақталуын қатаң қадағалайтын болады. Бұл қызметті университеттің ғылыми консультативтік кеңесі атқаратын болады. Университеттің болашақ ғылыми әзірлемелерінде зияткерлік меншік құқығының мәселесіне басым назар аударылады. Назарбаев Университетінде еңбектің авторлары мен Университеттің өзінің мүддесін барынша қорғауға мән беріледі.
ЖОО-ның жаңа жоспарлары 2011 жылғы 12-13 желтоқсанда Астана қаласында өткен Назарбаев Университеті серіктестерінің отырысында мақұлданған болатын. Отырысқа Лондон Университеттік колледжінің (Ұлыбритания), Висконсия-Мэдисон Университетінің (АҚШ), Ай-Карнеги (Карнеги Меллон, АҚШ университеттерінің бөлімшелері), Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат Мектебінің, Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебінің (АҚШ), Аргон Ұлттық зертханасының (АҚШ) өкілдері қатысты. Сондай-ақ әріптестер Университеттің өнеркәсіп өндірушілері мен бизнеспен ынтымақтасу мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090