Назарбаев Университеіндегі ең ауқымды ABC weekend  шарасы

Ағымдағы жылы 16-18 ақпанда Назарбаев Университетінің Технопаркінде жас кәсіпкерлер, студенттер және инноваторларға арналған ABC Incubation бизнес-инкубациялау бағдарламасы шеңберінде ABC Weekend өткізіледі.

ABC Weekend бағдарламасы топтар қатысушыларын оқытуға, оларды өздерінің жобасының тұсаукесеріне дайындауға, топ құруға және “Computer Vision Technologies” ЖШС директоры Қайрат Айтпаев, “Irrigator Kazakhstan” бас директоры Мұрат Ақшалов, СЕО және iMAS.kz негізін қалаушы Алмас Есенгужанов секілді табысты кәсіпкерлермен, менторлармен және ABC Incubation бағдарламасының сарапшыларымен таныстыруға бағытталған. Үш күндік уикенд бағдарламасы питчинг және топ қалыптастыру бойынша шеберлік сағаттарынан, «Инвесторға арналған тұсаукесер», «Стартап бизнес-моделі», «Lean стартап» тақырыптарында семинарлардан және ABC Incubation бизнес-инкубациялау бағдарламасының бірінші кезеңіне топты іріктеу мен тұсаукесерден құралады.

Сайысқа қатысу үшін Қазақстанның 7 қалаларынан 80-нен аса топтары және 70-ден аса таланттар өтінім берді. ABC Weekend барысында тәжірибелі менторлар топтарға өз идеяларын дұрыс бағытта жедел дамытуға, өз бизнес-шешімдерін жетілдіруге көмектеседі, ал таланттар АВС Incubation серіктестері тапсырмалары арасынан өз идеяларын таба алады немесе беделді топқа мүше бола алады.

ABC Incubation бағдарламасына арналған нақты бизнес міндеттерін  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Казпочта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, Alageum Electric АҚ, «KazAeroSpace»  ЖШС және басқа да серіктес компаниялары ұсынады.

Бизнес-инкубациялау бағдарламасының мақсаты индустрияның нақты мәселелерінің шешімін табатын инновациялық бизнес-жобалар мен жаңа идеяларды ерте кезеңде қолдауға негізделеді. Бағдарлама нәтижесінде стартап-топтар тек табысты бизнес-жоспарын дайындап қана қоймайды, болашақ өнімнің жұмыс прототипін де жасайды. Бизнес-инкубациялау бағдарламаның ұзақтығы – 12 апта.

Бағдарламаның басым бағыттары:

  1. Индустрия 4.0
  2. Медицина
  3. Ауыл шаруашылығы
  4. Green campus

Бизнес-инкубациялау бағдарламасының барысында іріктелген стартап-топтар Тәжірибе-эксперимент цехінің, Fab Lab прототиптеу зертханасының және Media Lab мультимедиялық зертханасының қызметтерін пайдалана алады. Бұдан басқа, табысты бағдарлама түлектері осы жылы жаз айларында Назарбаев Университетінің Технопаркінде өтетін ABC Quick Start 2018 үшінші акселерация бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі болады.

Шараның басты ұйымдастырушысы «Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесі болып табылады.Іс-шара туралы барлық ақпарат, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілерінде «Astana Business Campus» ресми бетінде жарияланатын болады. 

Күні және уақыты

  • 02.2018 – 18:00 – 22:00
  • 02.2018 – 10:00 – 20:00
  • 02.2018 – 10:00 – 18:00

 

Біз Сіздерді 18.02.2018, 13:00 Қабанбай батыр к., 53 Назарбаев Университетінің Технопаркі

мекенжайында өтетін командалардың тұсаукесері шақырамыз.

 

Іс-щараға қатысу үшін а.ж. 17.02.2018 күні сағат 17.00 дейін келесі байланыс

деректемелері бойынша аккредитациядан өтуді сұраймыз:

+7 7172 706128, +7 7172 706464

+7 701 6720797, +7 702 6318794

немесе электронды пошта мекенжайы: pr.nuris@nu.edu.kz