Мектеп мұғалімдеріне – біліктілікті арттыру бағдарламасын бітірушілерге сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі

2013 жылы 11 желтоқсанда Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінде еліміздің мектеп мұғалімдеріне – біліктілікті арттыру бағдарламасын бітірушілерге сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі болды. 

Біліктілікті арттырудың жартыжылдық бағдарламасы барысында республикамыздың әр өңірінен келген 75 мұғалім оқытудың тиімді әдістемелері мен білім берудің жаңа технологиялары бойынша оқыды. Сабақтарды осы курста оқыту құқығына ие болу үшін салиқалы конкурстан өткен таңдаулы инструкторлар командасы жүргізді.

Іс-шаралар барысында, сондай-ақ оқытушылар және инструкторлар (бағдарлама оқытушылары) бірлесіп жазған білім беру тақырыбындағы зерттеулердің нәтижесі –  «Stepping Stones: Recording the Voices of the Past» кітабының таныстырылымы болды.  Кітап кеңес дәуірі адамдарының «өмір тәжірибесі» туралы жазбаларды, кеңес мектептері мұғалімдерінің естеліктерін, қазіргі білім беру туралы олардың пайымдауларын, олардың өздерінің мектеп жасындағы жылдары және өз балалары мен  немерелерінің оқу жылдарын салыстыра еске алуды қамтиды.

Бұл кітапты білім беру тарихының халықтық нұсқасы деп атаса да болады, шығарма сол дәуірдің тыныс-тіршілігін түйсінуге мүмкіндік береді. Басылым жеке мұрағаттардан алынған фотографиялармен және кеңес дәуірінің құжаттарымен безендірілген.

  Бір айта кетерлігі, кітаптағы ақыл-кеңестерді қазіргі мұғалімдер де кәдеге жарата алады. Бұрын мұғалім болған Алма Мұқатова: “Балалардың жасандылық пен екіжүзділікті ешқашан кешірмейтінін ұмытпау керек. Егер сен мектепке жай ақшаға бола немесе барар жерің қалмағандықтан ғана келсең, олар сені жақтыра қоймайды. Ал мұғалім өзінің жұмысын біліп тұрса және ұнатса, балалар да оны  сыйлайтын болады. Балаларды сендер қаншалықты жақсы көрсеңдер, олар да сіздерді соншалықты ұнататын болады.” деп, өз ойларымен бөлісті. 

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:

010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115

+7(7172)706090, 706087, 706089, 706091.