Назарбаев Университеті базасында 5000-нан астам жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері ағылшын тілінен оқу курсын өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде Назарбаев Университеті базасында 2017 жылдың 4-қыркүйегінен 17-қарашасына дейін жалпы орта білім беру мектептері «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті. Қазақстанның 14 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қаласында 4068 мұғалім ағылшын тілінен оқу курсын өтті.

Курс бағдарламасы үш модульден тұрды. 1 Модуль ағылшын тілін “beginner” және “elementary” деңгейлерінде қарқынды оқуды қамтыды. Бұл модуль аясында тыңдаушылар ұсынылған ситуация бойынша өз ойларын айту, күнделікті қарым-қатынас жағдайында диалог жүргізу, аудиомәтіндер мазмұнын түсіну, аутентикалық мәтіндерді оқу мен ондағы қажетті ақпаратты табу, хат жазу, ұсынылған тематика мен ағылшын тілінің оқылған лексикасына сәйкес сауалнамалар мен формулярларды толтыру бойынша дағдыларын жетілдірді.

2 Модуль аясында пәндердің ағылшын тіліндегі мазмұнды бөлімі ұсынылды, яғни «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология пәндері бойынша академиялық ағылшын тілі мен пәндік терминология оқытылды.

3 Модуль Назарбаев Университеті оқытушы-профессорлық ұжымының видеодәрістері арқылы берілген оқытудың заманауи әдістеріне арналды. Бұл модуль барысында тыңдаушыларға қазақ және орыс тілдерінде дәрістер мен қажетті материалдар ұсынылды. Әр дәріс соңында тыңдаушылар тренерге дәріс мазмұны бойынша сұрақ қойып, топта талқылай алатын интерактивті сессиялар жүргізілді.

Әр модуль соңында тыңдаушылардың оқу нәтижелеріне аралық бағалау жүргізілді. Курсты бағалау құралдары тілдік және пәндік тестілерден, оқытылған материал мен педагогикалық тәжірибеден мысалдар қоладана отырып белгіленген тақырыпқа эссе жазудан тұрды.

Курс соңында 4068 мұғалім ағылшын тілін А2 деңгейінде меңгеруді растайтын қорытынды тестілеуді сәтті тапсырды.

17-қарашада Назарбаев Университетінде салтанатты жабылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде барлық облыстардағы мұғалімдермен онлайн-трансляция өтті. Рәсім соңында Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Лоретта О’Доннелл және Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Даирова Қадиша Нурдульдиновна Астана қ. мен Қараөткел ауылының тыңдаушыларына біліктілікті арттыру курсын аяқтау туралы сертификаттарын табыстады.