Лондон қаласында Назарбаев Университетінің бірінші Ақпараттық күні өткізілді

2017 жылы 22 қарашада Лондон қаласында, Ұлыбритания, Назарбаев Университетінің (НУ) бірінші Ақпараттық күні өткізілді. Назарбаев Университетінің атынан 2015 жылдың алғашқы түлектері Әлия Сембаева және Әділ Жармухамбетов сөз сөйледі.

Іс-шараны UСL (University College London) Қазақ қоғамдастығының және Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы ұйымдастырды. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқып жүрген студенттер, Назарбаев Университетінің 4 түлегі – Әйгерім Өмірхан, Әділ Жармухамбетов, Әлия Сембаева және Карина Бектұр,  сондай-ақ Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің өкілдері (онлайн), 20-дан астам адам ақпараттық сессияға қатысты.

Түлектер университет, оқу бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері туралы презентацияны ұсынды. Сонымен қатар, олар қабылдау туралы сұрақтарға жауап қайтарды және өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан бір күн бұрын, 21 қарашада Лондонға ресми сапары шеңберінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов НУ түлектері қоғамдастығының көшбасшыларымен және Қазақ қоғамдастығының президенттерімен кездесті.

Ол Сыртқы істер министрлігінің стратегиясы туралы әңгімеледі және жас қазақстандықтардың  жаңғырту  және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену стартегиялық міндеттері олардың алдарында тұрғанын атап көрсетті, министр Қайрат Әбдірахманов студенттерге білім жолында табыс тіледі. Назарбаев Университеті түлектерінің қоғамдастығы ерікті негізде құрылады, ал қазір олардың саны 7 (Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Алматы және Атырау). Қоғамдастықтар түлектерге университетпен, студенттермен және басқа да түлектермен қарым-қатынасты қолдау  мүмкіндігін береді.

Толық ақпаратт мұнда: https://alumni.nu.edu.kz/nu-aa-chapters/