Кореяның бір бөлігі енді НУ-да

Бұл ноутбук «GRAM» деп аталады, себебі оның салмағы бір килограмнан кем және әлемдегі ең жеңіл ноутбуктардың бірі болып табылады. 25 LG GRAM ноутбуктары Korea Foundation атынан НУ кітапханасындағы Корея бұрышына керемет сый ретінде тартылды.

Сондай-ақ, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Корея бұрышына алғаш сыйлық ретінде 450 кітапты табыстады. Салтанатты түрде лентаны Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова және Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик қиды. «Корея мен Қазақстан халықтарының арасында мәдени байланыстар көп: корейлік музыка мәдениеті қазақстандық жастар арасында өте танымал, ал корейлік медицина туризмі халық арасында сұранысқа ие. Енді Кореяның бір бөлігін біздің де университеттен табуға болады», – деді өз сөзінде Қадиша Даирова.

Корея бұрышы университет қауымдастығының әрбір мүшесі үшін қолжетімді. Ол Culture Room, NU кітапханасының 3-қабатында (5-блок) орналасқан.