Кореяның бірінші ханымы Назарбаев Университетінде болды

Ким Джонсук өзінің жұбайы, Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Инге оның Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында серік болды. Бірінші ханымды Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі НУ вице-президенті Қадиша Даирова басқарған делегациясы қарсы алды.

Алдымен қонағымыз Yeboseyo студенттік K-pop би клубының шығармашылығымен танысты. Одан кейін Ким Джонсук Корей бұрышына барып, онда ол қызметкерлер, студенттер, сондай-ақ Кореядан келген профессорлар және олардың отбасы мүшелерімен танысты. Ким Джонсук өз атынан НУ кітапхана қорына 100 кітап жеке сыйға тартты.