Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнның сапары

14 наурызда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнның Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде, Корея Республикасының делегациясы Назарбаев Университетінде болды.

Делегацияның құрамында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсик және ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко болды. Делегацияны Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Дайырова қарсы алып, Университеттің даму тарихы және жетістіктері туралы айтып берді.

Сапар барысында Ғылым және технологиялар мектебінің робот техникасы  зертханасы көрсетілді, сондай-ақ  Университетте жұмыс істейтін Оңтүстік Кореяның оқытушыларымен кездесу өтті.

Чон Се Гюн мырза Университеттің дамуын жоғары бағалап, одан әрі табыстар тіледі.