Кетчуп, москит торы және Назарбаев Университетінің менеджерінен сурет салудың 100 тәсілі туралы сыр

Әдетте кетчупті қалай қолданамын? Тағамның дәмін келтіру үшін бе? Материалдарды бекітуге арналған шегелерді ше? Ал москит торын ше, масалар мен шыбын-шіркейден  қорғану үшін бе? Назарбаев Университетінің қызметкері Қанат Нұртазин өз суреттерін жасау үшін кәдімгі материалдарды, кейде азық-түлік өнімдерін пайдаланады. Өткен жылы оның ерекше хоббиі “Nickelodeon” Халықаралық балалар-жасөспірімдер телевизия арнасының назарына іліксе, ал бүгін   Қанаттың кейбір жұмыстары Нью-Йорктегі Nickelodeon бас офисінің сәнін келтіріп тұр.

Қанат Нұртазин, Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің менеджері, міне, ол бес жылға жуық түрлі үстіңгі беттерде карвингпен бедер-суреттер салумен шұғылданады. 2014 жылы Қанат “сурет салудың 100 әдісі” өз челленджін іске қосты. Әзірше, ол 50 әдісті сыннан өткізді. Барлық жұмыстарды Қанат өзінің Instagram өз беттерінде көрсетеді.

– Өзіңіздің “Сурет салудың 100 әдісі” туралы айтып беріңізші?

– Сурет салудың 100 әдісі – менің хоббиім. Мен картиналарды әр түрлі әдістермен жасауға тырысамын және бұл ретте әртүрлі дәстүрлі емес материалдарды пайдаланамын. Сондықтан, менің қоржынымда шегелер, жіптер, шай жапырақтары, ағаш жапырақтары, көлеңкелер, банан, Нутелла, кетчуп, қамырдан және т.б. жасалған жұмыстар бар. Қазір менің топтамаларымда  сурет салудың 50-ден астам әдісі қамтылған.

– Жұмы істеу үшін шабытты  қайдан аласыз?

– Белгілі бір шабыт көзі жоқ, әдетте бәрі кенеттен болады. Мысалы, көрген фильмнен, кейбір оқиғалардан, музыкадан немесе көшеде көргендерден шабыт алуым мүмкін.

– Сіз халықаралық аренада танымал болдыңыз. “Nickelodeon” компаниясымен жұмыс істеу тәжірибесі туралы айтып беріңізші.

– Олар интернетте менің жұмысымды көрген екен, оларға ағаш жапырақтарынан жасалған карвинг идеясы ерекше ұнапты. Маған Instagram арқылы ынтымақтасуға ұсыныс жасады.  Олар өз мультфильмдерінің күзгі жапырақтардан оюланған кейіпкерлерін жасауға  тапсырыс берді: Мен барлық персонаждардың фотосуреттерін түсіріп алдым да, посылкамен Нью-Йоркке жібердім.

– Сіздің алғашқы көрмеңіз қашан болды?

– Менің алғашқы көрмем өткен жылы ұйымдастырылды. 25 қыркүйекте басталып, Бейбітшілік және келісім сарайында “Құланшы” арт-орталығында болды, мерзімі өткеннен кейін, Сарайдың әкімшілігі көрмені 25 желтоқсанға дейін ұзартуға ұсыныс жасады. 

– Сіз қандай материалда сурет салуды армандайсыз?

– Мен майлы бояумен ешқашан сурет салып көрмеппін, міндетті түрде оны да байқап-көргім келеді. Қазір мені үш өлшемді кеңістікте туынды жасау мүмкіндігі ретінде инсталляция қызықтырады.

– Назарбаев Университетіндегі жұмысыңыз сіздің талантыңыздың дамуына әсер ете ме?

– Мен өз хоббиіммен жұмыстан тыс уақытта айналысуға тырысамын, бірақ әріптестерім мені әрдайым қолдап отырады.