Канадада өткен Салыстырмалы және халықаралық білім қоғамы ұйымдастырған 58-ші жыл сайынғы Конференцияға Назарбаев Университеті қатысты

Үстіміздегі жылдың 10-15 наурыз айында  Салыстырмалы және халықаралық білім қоғамы (CIES 2014) ұйымдастырған 58-ші жыл сайынғы Конференцияға Назарбаев Университеті қатысты. Биылғы жылы «Барлығына тең білім беруге жаңа көзқарас» тақырыбында өткен Конференцияда білім берудің барлық деңгейлерінде тең мүмкіндіктер жасау мәселелерін қозғайтын зерттеу жұмыстарына баса назар аударылды. Канаданың Торонто қаласында өткен 58-шіжыл сайынғы CIES 2014 конференциясы 2000-ға жуық әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды қабылдап, қызықты панельдік сессияларды ұйымдастырды.

Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы Вице-президенті Қадиша Даированың төрағалығымен өткен арнайы сессия «Қазақстанның ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін дамыту: оқу сыныбынанжұмыс орнына дейін» тақырыбына арналды. Аталмыш панельдік сессия аясында Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің (NUGSE) ұстаздары,профессор КэролФочер, профессор Даниэль ТорраножәнеNUGSE-нің докторантыАрай Саниязовағылыми –зерттеу жұмыстарымен таныстырып, Назарбаев Университетінің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетін құрудағы тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Назарбаев Университеті мен Торонто Университеті арасында екі университет арасындағы әлеуетті қарым-қатынас бағыттарын талқылау мақсатында ресми кездесу өткізілді.  83 012 студенттері мен 11 581 оқытушылары және зерттеушілері бар ТоронтоУниверситеті QS WorldUniversityRankings 2013 рейтингі бойынша әлемдегі университеттер арасында 17-ші орынға ие болып отыр.

apkecm.nu.edu.037096

Назарбаев Университеті Коммуникация и маркетинг департаменті: 

010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115каб.

+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131