IQanat-2018 Олимпиадасының қатысушысы Назарбаев Университетіне грантқа оқуға түсті

Айым Өміртаева Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тумасы. Айым 2018 жылы IQanat олимпиадасына қатысып, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аудандық турлардың жеңімпазы атанды. Республикалық олимпиадада жалпы рейтингте 5-ші орынды иеленді, бірақ осыған тоқталып қалмай, оқуын жалғастырды. Биыл Айым IELTS бойынша 6,0 балл жинап, Назарбаев Университетінің Nazarbayev University Foundation Year Program бағдарламасына оқуға түсті. 

IQanat бағдарламасының мақсаты ауыл мектептері оқушыларының ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға  түсуге тең дәрежеде қол жеткізуіне қолдау көрсету және ынталандыру болып табылады. 2019 жылы IQanat бағдарламасы еліміздің 162 ауылдық ауданын, 30 000-нан астам ауыл мектептерінің оқушыларын қамтыды және олардың 712-сі финалға өтті.

Назарбаев Университеті IQanat Foundation-мен бірге ынтымақтастықтың аясында екі жыл бойы IQanat республикалық олимпиадасын өткізуге көмек көрсетуде.

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program)Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің жедел 1 жылдық бағдарламасы. Бұл курс шеңберінде тыңдаушылар бакалавриат бағдарламасына академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтан өтеді. Университет алдындағы Дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына одан әрі білім алуға қабылдайды.

Жыл сайын NUFYP бағдарламасы бойынша білім алу үшін 700 грант бөлінеді, оларды іріктеудің барлық кезеңдерінен табысты өткен және ең жоғары балл жинаған қазақстандық оқушылар иеленеді.