Инженерия – командалық және шығармашылық жұмыс

Оқыту курсы командада тиімді жұмыс істеу және өзара қарым-қатынасты күшейтуге, сонымен қатар топтық жұмысқа қажетті тәлімдік дағдыларды дамытуға бағытталған. Оқу барысында тыңдаушылар мұнараларды құрастырды, постерлер жасады және жобалық шешімдер қабылдады.
«Мен Назарбаев Университетінің студенттерімен-болашақ инженерлермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдым. Олар бар ынтасымен және шығармашылық бастамасымен жұмыс істеді. Бұл өте позитивті тәжірибе», – деді Дэвид Фарадей.
«Жақында ғана жұмыс істей бастаған оқутышылардың ассистенттері де студенттерге үлкен кәсіби көмек көрсетті, бұл да қуантарлық жағдай. Яғни ассистенттер өздері келешекте қолдана алатын инновациялық оқыту әдістерін үйреніп жатыр», – деп атап өтті Мектеп деканы, профессор Стефаан Саймонс.
Оқытушының ассистенті Саяра Салиева айтқандай, тренинг студенттер мен ассистенттер үшін шынымен де ерекше әсер қалдыратын оқиға болды. «Әсіресе маған студенттердің постерлерді дайындағаны ұнады, бұл инженерлік қызметтің ойлау қабілетін талап ететін шығарамашылық жұмыс екенін дәлелдейді.
Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің студенттері өздерінің алғашқы кәсіби оқу апталарын өткізіп жатыр, бұл олар үшін үлкен тәжірибе.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090