HPAIR Aisa 2019. Осы жазда өткізіп алуға болмайтын тарихи оқиға

 

Осы жазда 16-20 тамыз аралығында Қазақстанның астанасында өтетін Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасының Азиялық конференциясына (Harvard College Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019) 500-ден астам адам қатысады. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, қатысушылар алдында 70-тен астам халықаралық және өңірлік спикерлер сөз алады Іс-шараны ұйымдастырушылар – Назарбаев Университетінің студенттері.

«HPAIR студент-көшбасшылары білімді практикада алу үшін мүмкіндіктер жасаудың Гарвард дәстүрін жалғастыруда. Бұл мені қоса алғанда, студенттер ұрпағы пайдаланған HPAIR тәжірибесінің ерекше сипаты. Мен 1996 жылы Сеулдегі HPAIR конференциясында Кембридж университетінің делегаты болдым, одан кейін 1999 жылы студент-докторант болған кезімде Гонконгтағы HPAIR конференциясы семинарының жетекшісі болып жұмыс істедім», – деп әңгімеледі доктор Джон Парк, Корей жұмыс тобының директоры және Гарвард университеті Кеннеди мектебінің оқытушысы, HPAIR кеңесшісі (АҚШ).

“HPAIR конференциясы маған Азиядағы геосаяси мәселелерді, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді және кәсіпкерлік экожүйені түсінуге мүмкіндік берді. Конференцияларда керемет спикерлер мен панельдік сессиялар, сондай-ақ тамаша мәдени іс-шаралар болды. Asia Conference 2018 мен қатысқан алғашқы халықаралық іс-шара болды. Бұл менің бүгін кім болғанымды шынайы айқындауға көмектескен сыртқы әлемге серпіліс болған еді. Мен үшін конференцияға қатысу кәсіпкерлік пен Тұрақты даму туралы қосымша білім берді, бұл мені екі стартапқа қатысуға және менталдық денсаулық саласындағы менің зерттеу жұмысымды жалғастыруға әкелді”, – дейді Hpair Harvard College Conference 2019 делегаты, “Aida” (Үндістан) компаниясының кәсіпкері және тең құрылтайшысы Дравиша Катох.

Бұған дейін хабарланғандай, HPAIR Asia Conference 2019 конференциясы Еуразия өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр. Назарбаев Университетінің студенттері Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань және Үндістан ЖОО-ларымен бәсекелестікте конференция өткізу құқығын жеңіп алды. Конференция Қазақстандағы Жастар жылында өтетін болып отыр.