Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студенттері мен мұғалімдері өз зерттеу жобаларын таныстырған ІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындылары шығарған

2014 жылдың 29-қарашасында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) студенттері мен мұғалімдері өз зерттеу жобаларын таныстырған ІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындылары шығарған.

Конференция мақсаты студенттер арасында ғылыми қызметті насихаттау және студенттер мен мұғалімдік-профессорлық ұжым арасында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы өзекті сұрақтарды талқылау үшін диалогтық алаң құру болып табылады.

Осы жылы ГӘҒМ жоғары курс студенттерінің 50-ден астам жұмыстары таныстырылды, оның ішінде, 37 жұмыс конференцияның панелді сессиясында көрсету үшін таңдалды. Мәлімделген жұмыстардың тақырыптары гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың барлық салаларын қамтиды. Мысалы, посткеңестік Қазақстан мен Қырғызстандағы саяси реформалар, ҚР ІРО бағдарламасы, «халал»феномені, діннің қазақстандық барабарлыққа әсері, Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы басқарушылық құрылымдары, Қазақстандағы гендерлік мәселелер, және бұл, ғылымның берілген салаларындағы студенттік жобаларды талқылауға ұсынылған тақырыптардың, тек шамалы бөлігі.

Назарбаев Университеті ғылыми-зерттеу жоғары оқу орны болып табылады, сондықтан, профессорлық-мұғалімдік ұжымның маңызды мақсаты ғылыми қызметтің әр түрлі бағыттарында студенттерді оқыту. Осы мақсатта, Университетте оқу барысымен қатар студенттер үшін өз зерттеу жұмыстарын таныстыра алатын, конференциялар, семинарлар, және көрмелер ұйымдастырылып тұрады.

Осы конференция барысында әлеуметтану және антропология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джон Шоберляйнның Қазақстанның көпұлтты халқы мен елдегі тұрғындардың билікпен өзара қарым қатынасы туралы “What Kind of Country is Kazakhstan?” (Қазақстан қандай ел?) атты соңғы ғылыми жұмысы таныстырылады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 24-қарашада басталған бұл конференция Назарбаев Университетіндегі «Зерттеу апталығының» ақырғы іс-шарасы  болып табылады.