Фудан университетінің Назарбаев Университеттегі студенттік істер бойынша жазғы лагері

2018 жылдың 16-20 шілдесінде «Бір бел – бір жол» бастамасының шегінде екі азиаттық университеттің студенттік істер бойынша тәжірибемен алмасу аптасы өтуде.
Қытайдың Фудан университетінен қонақ болып келген 40 адам – студенттік істер және даму бойынша басшылар, докторанттар, магистрлер, бакалавриат студенттері Қазақстанға студенттік істер, даму, тәлімгерлік, мансап мәселелері бойынша кеңес беру, білім беру салаларындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу үшін келді.
Жазғы лагерь бағдарламасының академиялық бөлімі шақырылған қонақтар профессор Ма Бин - Ресей мен Орта Азияның талдау орталығы, Халықаралық талдаулар институты, Фудан университеті, Тимур Шаймергенов - ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Чжицзян Цуй - Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінің профессоры жүргізетін «Бір бел – бір жол» бастамасы бойынша лекциялардан тұрады.
Бағдарламаның мәдени бөлімінде қонақтар Қазақстанның тарихы мне мәдениеті, Астананың сәуер өнері мне тарихын біліп, Бурабай табиғатын тамашалайды.
Назарбаев Университетінің Фудан Университетімен ынтымақтастығы 2015 жылы, Фудан Университетінің Халықаралық студенттер бөлімінің өкілдері Назарбаев Университетіне сапарынан басталды. Кейін, 2017 жылдың 8-11 маусымында Назарбаев университет Фудан Университетімен бірлесіп ұымдастырған алғашқы Жазғы бағдарлама – «Болашақ энергетикасы және тұрақты инфраструктура» тақырыбында ғаламдық басқару бойынша жастар инновациялық сайысы (YICGG) өтті. Бұл шараға әлемнің 32 елінен 66 студент қатысты. Жылсайынғы бұл шара алғаш 2007 жылы Фудан университетімне ұйымдастырылып, БҰҰДБ қолдауымен Қытайда өтті. Қазіргі уақытта ол жыл сайын әр түрлі елдерде өткізіліп, жастарды ғаламдық басқаруға қатысуларын ынталандырады.
2017 жылы YICGG-2017 шеңберінде Ғаламдық басқару бойынша жастар саммиті ұйымдастырылып, 2017 жылдың 11 шілдесінде Фудан университетінің басшылығы Назарбаев Университетке келді.