«Энергия-Азық-түлік-Су Өзара байланысы: Қазақстан мен Ұлыбританияда Жасыл Экономикаға Ауысуда Интеграцияланған тәсіл» семинары

2016 жылы 21-23 тамызда Назарбаев Университетінде «Энергия-Азық-түлік-Су Өзара байланысы: Қазақстан мен Ұлыбританияда Жасыл Экономикаға Ауысуда Интеграцияланған тәсіл» семинары өтеді.

Семинар Назарабаев Университетімен және Шеффилд Университетімен (Ұлыбритания) ұйымдастырылды. Аталған семинар энергетика, су ресурстары, азық-түлік секторы саласында жұмыс істейтін Ұлыбританиялық және Қазақстандық ғалымдар арасындағы ғылыми байланыс құрып, оны нығайтуға бағытталған, «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасынан қаржыландыру алған ең алғашқы семинарлардың бірі болып табылады.

«Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдарының семинарға қатысуы мемлекеттер арасындағы ғылыми арақатынасты дамытуғы ат салысып, нексус (өзара келісімділік) тұрғысынан энергетикалық, азық-түлік және су секторлары бойынша сұрақтардың талқылауына септігін тигізеді» деп мәлімдеді Назарбаев Университеті экономика кафедрасының меңгерушісі профессор Джулио Сеччиа.

Семинар барысында Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары энергетикалық, су және азық-түлік секторларының проблемаларымен байланысты мәселелерді зерттеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Шеффилд Университетінің энергетикалық зерттеулер жетекшісі профессор Мохамед Поуркашаниан атап өткен: «Көптеген мемлекеттердің инженерлері мен ғалымдары энергетикаға қатысты мәселелерді ортақ жұмыс жүргізу мен тәжірибе алмасу арқылы шешуге күштері жетеді. Бұл семинар ұзақ мерзімді арақатынасты дамытуға үлес қосып, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы серіктестікке арналған бірегей мүмкіндік береді».

Негізінен, ғалымдар әрбір елдің экономикалық және климаттық жағдайларына сай қолданылатын энергияның ықтимал балама көздерін, ауылдық аймақтардың дамуына байланысты мәселелерді, сонымен қоса, энергетикалық сектормен байланысты ауқымды мәселелерді, оның ішінде, жаңа технологиялардың энергия тиімділігін, т.б. қарастырады. Онымен қоса, ғалымдар судың жетіспеуімен байланысты проблемаларды және оларды ықтимал шешу жолдарын талқылап жатыр. Азық-түлік секторы мәселесі сектордың тұрақтылығы мен азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыздандыру тұрғысынан қарастырылады. Семинар нәтижелері сәйкесінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ұйымдарға бағытталып, сонымен қоса рецензияланған журналдарда жарияланады.

«Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы Қазақстан мен Ұлыбритания үкіметтерімен қаржыландырады және Қазақстанның экономикалық дамуын қолдау үшін мемлекеттер, мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, компаниялар мен ұйымдар арасындағы инновациялар мен зерттеу салаларында серіктекстікті нығайту мен кеңейтудің негізі болатынын естеріңізге салып кеткіміз келеді.  «Ньютон-Әл-Фараби» бағдарламасының үйлестірушілері – Ұлыбритания тарапынан BritishCouncil (Британдық кеңес) және Қазақстан тарапынан «Ғылым қоры» АҚ.

Анықтама үшін:

Энергетика 2050 орталығы – Шеффилд университетінің негізіндегі Ұлыбританиядағы энергетика саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу университеттерінің бірі, оның бастамасы 120-дан астан ғалымдар мен 250-ден астам докторанттарды қамтитын энергетикалық инновациялар мен білім алмасуға бағытталған. Бұл дәстүрлі зерттеу шекараларынан тыс, Ұлыбританиялық әрі халықаралық деңгейде  жаңа технологияны қаржымен қамталандыру тәуекелін бәсеңдету мен бәсекеге қабілеттілігіне негізделген  технология жеткізушілердің басты тұтынушылары мен электр энергиясын өндірушілерді инновациямен қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу институты.

Шеффилд Университеті

Шеффилд Университеті әлемдегі университеттердің арасында 140-тан астам мемлекеттен 27 000-нан астам студенттерді оқытатын жетекші университеттердің бірі болып табылады. Ұлыбританиядағы беделді Russell жетекші ғылыми-зерттеу институттар тобының мүшесі болып табылатын Шеффилд университеті әлемдік стандарттағы білім беру мен ғылыми жұмыстар жүргізуді ұсынады. Жаңа ашулар мен түсініктерге ынталы болған университет жұмыскерлері мен студенттері әлемді өзгертудің жаңа жолдарын табуға тырысады. Шеффилд 2016 жылдың үздік коммерциялық емес ұйымдардың TheSundayTimes- 100 тізімі қатарына кірген және 2014 жылы TimesHigherEducation рейтингіне сәйкес студенттердің көңілінен шықты деп танылған Ұлыбританиядағы  жалғыз университет болып табылады. Соңғы онжылдықта Біріккен Корольдіктің зияткерлік, мәдени және қоғамдық  өміріне қор үлес қосқаны үшін төрт корольдік мерейтойлық премия ұтып алды. Шеффилдтың бұрынғы жұмысшылары мен студенттер қатарында бес Нобель премиясының иегерлері бар, ал оның түлектері өздері таңдаған салаға үлкен үлес қосып, әлем бойынша жағымды ықпалға ие.

Жаһандық ғылыми-зерттеу серіктестері мен клиенттері – Boeing, Rolls-Royce, Unilever, AstraZeneca,Glaxo SmithKline, Siemens және Airbus, сонымен қоса Ұлыбританияның көптеген агенттіктері, шетелдік мемлекеттер және қайырымдық қорлар.

Назарбаев Университеті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Назарбаев Университеті» (бұдан әрі – Университет) дербес білім беру ұйымы өз алдына Қазақстан бойынша әлемдік деңгейдегі ең алғашқы ғылыми-зерттеу университеті болу мақсатын қояды, себебі еліміздегі бастапқы нысандардың, оның ішінде,  зерттеу әлеуетін қарқынды дамыту, елдің индустриялық-инновациялық дамуы, өзгергіш әрі жаһандық біріккен экономика талаптарына сай білімге көшуді қамтамасыз ету сияқты нысандардың жүзеге асуы оның қызметімен байланысты.

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz