Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриа Назарбев Университетінде дәріс оқыды

2017 жылдың 23-ші қазанында Назарбев Университетінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриа мырзаның "Тиімді жаһандану жолында" тақырыбындағы дәрісі өтті.

Көптеген елдерде, әсіресе дамыған елдерде, жаһандану процесстері бойынша наразылықтың өсуі байқалуда. ЭЫДҰ-ның Бас хатшысы Анхель Гурриа жаһандануды неғұрлым әділ, барынша жан-жақты, тұрақты және тиімді етіп жасау үшін керекті шешімдерге шолу жасамас бұрын, соңғы проблемаларды және ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, осындай наразылықтың көздерін қарастырды. Бұл сын-тегеуріндер халықаралық аренада да, сондай-ақ елдерде де саяси шешімдерді талап етеді. Климаттың өзгеруі, пандемия немесе халықаралық салық төлеуден жалтару сияқты міндеттерді үкіметтер жалғыз шеше алмайды. Бүгінгі күні тиімді жаһандануға жету үшін, міндетті келісімдерден бастап жалпы принциптерге немесе іс-қимыл тәсілдеріне қатысты «жұмсақ заңды» нұсқауларға дейін халықаралық ынтымақтастықтың барлық құралдарын іске қосу қажет.

Дәріс сұрақтар мен жауаптар сессиясымен аяқталды және әрбір қатысушы қызықтыратың сұрақтарына жауабын алуға мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар, Анхель Гурриа мырза жылы қабылдау және университеттің мемлекет дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Назарбаев Университетінің Құрметті қонақтар естелік кітабінда жазба қалдырды.