Экология мәселелері – басты назарда

1-7 сәуір аралығында Назарбаев Университетінде “NU Green Week” жасыл апталығы өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Швейцария елшілігінің және Green Campus кеңсесінің қолдауымен NU Green Society студенттік қауымдастығы ұйымдастырды. NU Green Week негізгі идеясы – экологиялық сауаттылық мәдениетін ілгерілету және қоршаған орта проблемаларына назар аудару.

Дүйсенбі

Іс-шараның бірінші күні NOMAD клубының қатысуымен эко-дебаттар өткізілді, NU Drama Club-ның жанды көрінісі өтті және NU Green Society эко-кеңестері берілген буклеттер таратылды. Сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша соңғы жылдардағы аралардың өмірі және олардың жаппай өлімінің құпиялығы, бүгінгі өркениеттің оларға деген қауіп-қатері және ауыл шаруашылығы дақылдарын тозаңдатуға қатыса отырып, адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан, баға жетпес үлесі туралы “More than honey” деректі фильмі көрсетілді.  

Сейсенбі

Қалдықтарды сұрыптау бойынша семинарға қатысушылар қоқысты дұрыс сұрыптауды үйреніп қана қоймай, сонымен қатар макулатура мен пластиктерді Green coins-ке және бағалы сыйлықтарға айырбастай отырып, интерактивті сабаққа қатысты. Семинар аясында № 68 “Бұлақ” балабақшасынан келген кішкентай экологиялық энтузиасттар қолданылған пластикалық бөтелкелерден, қағаздан, ыдыстан және т.б. өз бұйымдарын көрсетіп, ересектерді табиғатқа ұқыпты қарауға үйретті.

Eco-talks сарапшылары тұрақты даму бойынша өз білімдерімен, идеяларымен және тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер ” био-батареяларда болашақ бар ма?”, “Экономика саласында орман неге үйрете алады?”, “Сіз шынымен қалдықтарды басқарудың қамын ойлайсыз ба?”, “Qoqys-қалдықтарды басқарудың смарт жүйесі” тақырыптары бойынша сөз сөйледі.

Сәрсенбі

Іс – шараның үшінші күні NU Green week қатысушылары Children’s Development Foundation-мен бірлесіп ұйымдастырылған Garage sale сатудан түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсады. Сондай-ақ, қалаушылар университеттің энергополигоны бойынша жаңартылатын энергия турын өткізіп, күн фотоэлектрлік жүйелерінің, жел турбиналары мен жылу күн жүйелерінің жұмысымен танысты. Танымал ютуб-блогер және вайнер Эльдана Сатыбалдиева қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығы туралы айтып, жасыл станцияға өту тәжірибесімен бөлісті. Күн қызықты Treasure Hunt іс-шарасымен аяқталды, оның барысында студенттер көңіл көтеріп қана қоймай, энергия ресурстарын үнемдеу және “жасыл” өмір салты туралы көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.

Бейсенбі

Қалалық фермер жөніндегі сарапшылар Ирина Пи мен Мәулен Ахметов ғимараттар ішіндегі қалалық фермерлердің тәжірибесі туралы айтып берді. Ал арнайы қонақтар bloomerang.kz әдемі флорариум жасау үрдісін көрсетті және оларды күту бойынша кеңестер берді. Сондай – ақ, адам баласы қолымен жасаған қасіретті зұлмат – Арал теңізінің жоғалуына арналған фильмнің режиссері Катина Суворованың қатысуымен “Ертең теңіз” фильмі көрсетілді. Фильм аяқталған соң қатысушылар фильмді түсірушіге өз сұрақтарын қойды.

Жұма

НУ студенттері мен қызметкерлері вегетариандық азық-түлік жәрмеңкесінде аспаздық тағамдардың дәмін татып, өздерінің құмартқан дәмдерін өзгерту туралы ойлануға мұмкіндіктері болды.

Сенбі

Сенбі күні Назарбаев Университетінің 100-ге жуық студенті 8 сағат бойы Бурабай курортын қоқыстан тазартты. Балалар бірнеше топтарды құрып, пластик, шыны, металл және жалпы қоқыс жинады. Қайта өңдеуге жататын қоқысты экологиялық белсенділер астанаға апарып, шыны және пластик бөтелкелер мен қаңылтыр банкілер қайта өңделетін болады.

Жексенбі

Апта “Азия парк” СОО-да қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класпен және Спарта Астана ЭКО-клубы ұйымдастырған плоггингке қатысумен аяқталды.

Сонымен қатар, апта бойы Назарбаев Университетінде Қазақстанның бірегей табиғатына арналған QazaqGeography фотосуреттерінің көрмесі өтті. Фотосуреттердің басым бөлігі Қазақ Географиялық қоғамының экспедициясы кезінде жасалды.