Екі аптаның ішінде Назарбаев Университетіне 709 талапкер тіркелді

Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан және басқа елдерден де келіп жатыр. Тіркелген кандидаттардың 26% – астаналықтар, 19% – алматылықтар, 8% астам – Қарағанды облысын құрайды. Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 709 талапкердің ішінде – 364 қыз және 345 жігіт.
Назарбаев Университеті естеріңізге салады: Университет 2012 жылы Foundation бағдарламасы бойынша оқыту жүргізбей-ақ, бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайды. Осы талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу жаңа жылда Университет сайтында ашылады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090