Дағдылар мен құзыреттіліктер vs білім

Назарбаев Университетінің Мансап және кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Евгения Ким бұл жерде оның негізі қаланған 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті-студенттермен бірге олардың мансаптық дамуын қамтамасыз ету, студенттер мен түлектерге кәсіби өсуге байланысты мәселелер бойынша кеңес беру. Евгениямен  болған сұхбатты сайтымызда  ұсынып отырмыз .

– Баршаға белгілі, университеттің  білім беру  жүйесінің  мектеп жүйесінен ерекшелігі  студенттің дербес болуын көздейді.  Университетте барлығы “балық аулауды үйретіп, қолына ау ұстату» дегендей студенттерге даму мүмкіндігін беруге бағдарланған.  Студенттер осы мүмкіндіктерді қаншалықты табысты пайдалана алады –  ол өздеріне  байланысты.

Біз жалпы білім базасы тұрақты өсіп отыратын  әлемде өмір сүреміз, яғни күн сайын ғылым, индустрия немесе бизнес салаларының кез келгенінде жаңа деректер мен білім пайда болады. Бұл талап етілуі  бойынша дағдыларды меңгеруді бірінші орынға қояды.  Олардың арасында Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес талдау дағдылар мен инновациялылық, кешенді шешімдер таба білу, сыни ойлау, белсенді білім беру және тұтастай алғанда білім алу  дағдыларына ие болу. Атап айтқанда,  Орталық осыны өзінің негізгі міндеті деп біледі, ол оны  мектептермен, университет кітапханасымен, ғылыми орталықтармен бірлесіп іске  асыруға ұмтылады. Біз студенттер мен түлектерді кәсіби даму бағдарламаларының көмегімен  (компания күндері, кәсіптер күндері, негізгі дағдылар бойынша семинарлар, симуляциялық әңгімелесулер, экскурсиялар) серіктестерімізбен бірлескен жұмысқа белсенді тартуға тырысамыз. Келесі академиялық жылдан бастап осы бағдарлама негізінде мансаптық жоспарлау бойынша курс ашуды жоспарлап отырмыз.

– Студенттер ЖОО-да оқу уақытында  қалайша  кәсіптік құзыреттілікті меңгеріп, практикалық тәжірибе ала алады?

 “Құзыреттілік” деген сөз  латын тілінен алынған  «сай болу, лайықты болу» дегенді білдіреді . Біз кәсіби құзыреттілік  туралы айтқанда,  практикалық тәжірибе,  біліктілік, білім, дағдылар негізінде табысты әрекет ету қабілеті деп білеміз.  Мұның бәрі практика арқылы ғана келеді және жаңа нақтылық шеңберінде құзыреттілікке  өзіңіз  істеп жатқан іске тікелей  араласу  негізінде ие боласыз. Әрине, студенттік практика (internship) тек білім деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар бұл білімнің қаншалықты қолданылатынын, оқу кезінде қай іске баса назар аудару  керектігін тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда кез келген практикалық қызмет (кәсіби тәжірибе, толық емес жұмыспен қамту, студенттік клубтарға қатысу) сіз таңдаған саладақұзыреттілігіңізді  жақсартуға мүмкіндік береді.

Цифрландыру және жасанды интеллект ғасырында орнықтылық (resilience), шапшаңдық/ептілік (agility), жылдам ойлай білу, нәтижеге бағдарлану, командалық жұмыс сияқты қасиеттер үлкен құндылыққа ие болады. Бүгінде өскелең ұрпақтың осындай қасиеттері мен дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға көп көңіл бөлінгені қуантады.

Конфуций айтқандай: “мың мильге жол бірінші қадамнан басталады”. Мұны істеуден, қателесуден, сүрінуден жасқанбау керек, қайта тұрып ісіңіді жалғастыру керек. Сынап көрулер  және қателер әдісімен өз тәжірибеңді жинай беру керек.  Айтпақшы, сарапшылардың, оның ішінде мансаптық даму саласындағы сарапшылардың пікірінше, ақпараттың орасан зор ағынын және тұрақты өзгерістерді есепке алғанда,   өз білімі мен жаңа ақпарат арасындағы олқылықтарды толықтыра алатын кәсіпқой мамандар  зор  мүмкіндіктерге ие болады. Бұл уақыт талабы. Сондықтан біздің студенттерге (оларға ғана емес)  кеңес –  оқу керек, әрдайым оқу керек.

– Сіздің Орталық НУ түлектерімен қалай өзара іс-қимыл жасайды?

– Біздің түлектер біздің толыққанды серіктестеріміз және әріптестеріміз болып табылады. Олармен біз өзара кәсіби құрмет принциптерінің негізінде түрлі деңгейде ынтымақтасуды жалғастырамыз. Түлектерді  университет жұмысына тарту шеңберінде Менторлық бағдарламаны бөліп көрсеткен болар едім, ол біздің түлектерге  мансаптық және академиялық тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұған  панельдік пікірталастарды да жатқызуға болады, онда студенттер біздің түлектерге “университеттен кейінгі өмір” туралы сұрақтар қойып, жауап пен қажетті көмек алады деп үміттенемін. 

Біздің түлектер тәжірибе, көшбасшылық бағдарламалар, жұмыс орындары бойынша ұсыныстар саласындағы серіктестерімізге айналды. Олар жұмыс істейтін ұйымдардың да, Назарбаев Университетінің де тамаша амбассадорлары болып табылады. Биыл біз бесінші түлектерді  күтіп отырмыз. Олардың барлығына өмірде өз жолын тауып, Университет пен ел мақтан тұтатын жақсы кәсіпқойлар болуына тілектеспін.

Сіз Мансап және кәсіби бағдар орталығының қызметтері мен бағдарламалары, іс-шаралары, түлектер туралы ақпаратты cac.nu.edu.kz сайтынан  және әлеуметтік желілерден  таба аласыз.