NURIS пен Технопарктың ASTEX-2014 көрмесінде!

NURIS пен Технопарктың жобалары 19-20 мамыр күндері ҚазМедиаОрталығында өтетін ASTEX – Astana Smart Technologies Exhibition көрмесінің алаңында көпшілік назарына ұсынылды.  

ASTEX-2014 көрмесінің көлемінде Робототехника және Компьютерлік ғылымдар лабораториялары келесі жобалармен таныстырды: 

– Деректерді талдаудың және бейнелеудің заманауи технологиялары; 

– «AR Book» бағдарламасы – толықтырылған шындық технологияларын қолданудың мысалы;

– Ақпарат беру қызметтері үшін арналған қазақ тілін танитын интеллектуалды дауыс жүйесі; 

– Табиғи тілді компьютерлік өңдеудің әдістері;

– Қазақ тілінің ашық корпусы;

– Мобильдік манипулятордың иннерциалық қозғалыстар арқылы жүзеге асырылытан телеоперация жобасы.

ASTEX көрмесінің барысында NURIS технопаркінде жүзеге асырылған Қайрат Айтпаев пен Шыңғыс Шакеновтың құрастырған интерактивті ойыны “Ragdoll Run” ұсынылды. Екі күннің қорытындылары бойынша көрмеге келушілерінің арасында өткен сайыстың жеңімпаздары анықталды, олар –  Жетібай Алибек және Юрий Никитин. Жеңімпаздарға Назарбаев Университетінің логотипі салынған күртелері сыйға тартылды.

Суретте – NURIS стенді, жеңімпаздар мен ойын құрастырушылар.

 

apkecm.nu.edu.038112 apkecm.nu.edu.038117 apkecm.nu.edu.038119 apkecm.nu.edu.038120