City360.kz жобасы: елорда нысандарына арналған жаңа виртуалды турлар

Қазақстанның айтулы мәдени нысандары бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Енді интернет пайдаланушылар “Астана Опера” театры мен “Қазақстан” Орталық концерт залына виртуалды түрде бара алады. Кез келген адам ғимараттарды аралап, интерьер көріністерін тамашалай алады, залдағы кез келген жерден көріністі көріп, мұражай экспонаттарын зерттей алады, сондай-ақ осы маңызды мәдени нысандардың фотосуреттері мен бейнелерін көреді.

Бұл Сity360.kz стартап – лазерлік сканерлеу технологиясына негізделген нақтылық пен дәлдіктің жоғары дәрежесі бар нысандардың егжей-тегжейлі 3D-модельдерін жасау жөніндегі жоба арқасында мүмкін болды. Осындай 3D модельдерінің негізінде жасалған виртуалды турлар нысанды ақпараттық белгілер арқылы, сондай-ақ аудио нұсқаулықтар мен VR көзілдіріктерін қолдана отырып зерттеуге мүмкіндік береді.

City360.kz – Назарбаев Университетінің “NURIS” инновациялық кластерінің “quickstart” акселерация бағдарламасы аясында стартаптардың 7-легін іріктеуден өткен жобалардың бірі.

“Қазақстан” орталық концерт залының жаңа виртуалды туры – бұл City360.kz стартаптың Қазақконцерттің 60-шы мерейтойлық маусымына сыйы. Құрылыстың авторы, итальяндық сәулетші Манфреди Николетти айтқандай, “шөл гүліне” онлайн-сапармен бару енді әлемнің кез келген нүктесінен және кез келген құрылғыдан 24/7 режимінде мүмкін болады.

“Қазақстан” ОКЗ-ға виртуалды тур барысында интернет пайдаланушылар концерттерден бейне және фотоматериалдарды көріп, аудиофайлдарды тыңдайды, пайдалы сілтемелер мен QR-белгілерді таба алады.

“Қазақконцерт” МКҰ директоры Жеңіс Сейдоллаұлы атап өткендей, виртуалды саяхат — бұл уақытты қызықты өткізуге, сондай-ақ пайдалы ақпарат алуға және болашақ экскурсияларды жоспарлауға мүмкіндік беретін, дамып келе жатқан тренд.

“ТМД-ның бірегей концерт залдарының біріне үйден шықпайақ, онлайн-форматта бару мүмкіндігі – шынымен де баурап алады. Осы виртуалды турды жасаған мамандар оны жоғары технологиялық етуге және көптеген нұсқаларды қамтуға тырысты. Виртуалды тур материалдары ешкімді бей-жай қалдырмайды, тіпті көрермендерімізді шығармашылыққа шабыттандыра алады. Олар түрлі – түсті ғана емес, сонымен қатар танымдық, сондай-ақ халықтың барлық топтары үшін қолжетімді”, – деді Жеңіс Сейдоллаұлы.