Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күні

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында  6 құрылықтың 100-ден астам елінде Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күні атап өтіледі.  Осынау дәстүр 2004 жылдан бастау алады. Бұған дейін Қазақстан осы іс-шараларға қатысқан емес-ті. Биылдан бастап  Назарбаев Университетінде  алғаш рет осы маңызды мәселемен байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. «Осы іс-шараны орта мектептерге, университеттерге және барлық оқу орындарына таралатын  жылсайынғы оқиғаға айналдыру жоспарланып отыр. Іс-шараның ұраны: «Ең таңдаулы Интернетті бірігіп жасайық!» Әрине, біз мұны белсенді интернет пайдаланушысы ретінде  жасай аламыз! Кімге осы тақырып қызықты болып көрінсе, олардың бәрін біздің бастамамызды қолдауға шақырамыз.»- деп атап көрсетті Назарбаев Университетінің  Проректоры  Саймон Джонс мырза.

Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күнін мерекелеу шеңберінде 11 ақпанда Назарбаев Университетінде бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.  Түскі үзіліс кезінде университеттің атриумында  онлайн қауіпсіздік және Educause конкурсын жеңіп алған пайдаланушыларды қорғау туралы бейнеклиптер көрсетілді. Тілек білдіргендер өздерінің пайдаланып жүрген  парольдерінің қаншалықты күшті екендігін тексеруге, қауіпсіз онлайн банкинг және сатып алулар бойынша, ұялы телефондарды қалай қорғау және  спам мен фишингтен қалай сақтану  жөнінде ақыл-кеңестер алу, сондай-ақ жағымды онлайн имиджді қалай қалыптастыру керек екендігін білу мүмкіндігіне ие болды, тілек білдіргендердің бәріне әлеуметтік желілермен жұмыс бойынша пайдалы кеңестер таныстырылымына кіруге мүмкіндік жасалды. Осы «станциялардың» бәріне  Назарбаев Университетінің студенттері қолдау көрсетті. Осы іс-шаралар үшін университеттің кітапханасы арнайы әдебиет топтамаларын дайындады, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік туралы ақпарат беретін блогты іске қосты:  http://sid2014nu.edublogs.org/ 

НУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері интернетті дұрыс және қауіпсіз пайдалану қағидалары туралы келісімге қол қойды. 

Іс-шаралар студенттердің пікірталас клубындағы интернет қауіпсіздік пен білім беру тақырыбындағы пікірсайыстармен қорытындыланды.

Бүкіләлемдік Қауіпсіз Интернет күні туралы қосымша ақпарат http://www.saferinternetday.org/web/guest/sid-2014

apkecm.nu.edu.036725

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:

010000, Астана, Қабанбай батыр, д.53, каб.1115

+7(7172)706090, 706091, 706089, 706131

pressa@nu.edu.kz , www.nu.edu.kz