Болашақ инженерлерге арналған Schools Challenge

Назарбаев Университеті “Nazarbayev Fund Schools Challenge” республикалық байқауының бірлескен ұйымдастырушысының бірі болды. Инженерлік-техникалық байқау Қазақстан оқушылары арасында өтті.

Биыл өңірлік тур барысында 100 шақты үздік командадан (500 қатысушы) 17 финалист-команда (85 қатысушы) іріктелді. Олар ақтық іріктеуге қатысу құқығына ие болды және қазылар алқасы мүшелеріне өз жобаларын ұсынды. Жюри мүшелерінің құрамында ABC Incubation (NURIS) бағдарламасының жетекшісі Анарбек Утегулов бар. 2019 жылдың тамыз айында жеңімпаз-команда, сондай-ақ финалға шыққан командалардың әр қайсысынан екі оқушы Аэроғарыштық жобалау және “жасыл” технологияларды дамыту саласындағы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу – танымдық сапарға аттанады.