Биылғы жылы 536 талапкер Назарбаев Университетінің дайындық бағдарламасына түсті

2013 жылы  536 талапкер Назарбаев Университетінің Университет алдындағы бағдарламасының тыңдаушылары болады. Бұл үміткерлер Назарбаев Университетіне оқуға қабылдау емтихандарының барлығын ойдағыдай тапсырды.
Биылғы жылы талапкерлердің дайындық деңгейі өте жоғары болғандығы байқалды. Осылайша, қабылдау емтихандарын ең төменгі оқуға түсу талаптарына сай тапсырған талапкерлердің саны 800 адамды құрады. Салыстыру үшін: өткен жылы мұндай талапкерлердің саны көбірек болған – 600, биыл 500-ден сәл ғана астам.   

«2013-2014 оқу жылында білім алу үшін Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (Foundation) іріктеу үдерісі талапкерлер мен олардың ата-аналарының  Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламаларына деген қызығушылықтарының артуын және талапкерлердің бейінді пәндер мен ағылшын тілі бойынша білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Қабылдау комиссиясы өте қарқынды жұмыс істеді және әрбір үміткердің қабылдау емтихандары нәтижелерінің оқуға қабылдау үшін сәйкестігін мұқият тексерді. «Біз Университетіміздің танымалдығы, сондай-ақ біздің талапкерлеріміздің білім деңгейлері жылдан жылға арта беретін болады деп үміттенеміз», – дейді  Назарбаев Университеті Қабылдау жөніндегі департаментінің директоры Динара Ашықбаева.

Өткен жылдардағыдай, оқуға түсушілер арасында ең танымал болып табылатындар   Инженерия мектебі және Ғылым және технологиялар мектебі: бұл Мектептерде оқуға қабылданғандардың 43%-ы оқитын болады, талапкерлердің қалған 14%-ы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіндегі мамандықтарды таңдады.

Оқуға қабылданған үміткерлердің көп бөлігі Астанадан, Алматыдан және Шығыс Қазақстан облысынан. Ең аз болып көрінгендер Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан. Ер балалар биылғы жылы қыздарға қарағанда көбірек, тиісінше 54% және 46%.
Осылайша, төртінші оқу жылы Назарбаев Университеті студенттерінің саны 2100-ден астамды құрайды.  Осы білім ордасында Foundation, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 250 оқытушы мен профессорлар білім береді.

apkecm.nu.edu.033185

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz