BG кокурсының женімпаздары Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының магистр дәрежесін алады

2014 жылы 6 мамырда Ұлыбританияның BG мұнайгаз компаниясының ресми өкілдігінде BG Kazakhstan Президенті Питер Костеллоның (Peter Costello) қатысуымен Назарбаев Университеті ұйымдарының қызметкерлеріне арналған Магистратура бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік беретін 2014-2015 оқу жылына арналған  BG стипендиясына ие болған жеңімпаздарды сертификаттармен марапаттау рәсімі өтті. Биыл оқу гранттарына ие болғандар  – жас ғалым Шамшимов Габиден (University of Southampton,  MSc in Energy and Sustainability with Electrical Power Engineering) энергетика саласының сипендиаты және пәнаралық бағытта зерттеу жүргізеген жас ғалым Какпенова Айнур (The University of Warwick, MSc in Medical Sciences).

Ұлыбританияның аккредитациядан өткен жоғары оқу орындарында білім алу үшін жыл сайын Университеттің ғылыми және профессорлық-оқытушылық құрамынан конкурс талаптарына сай келген екі білікті жас маман таңдалады және оқытуға жұмсалатын барлық міндетті шығыстарды өтейді. Бұл бастама «Nazarbayev University Research and Innovation System» Жеке мекемесі мен BG International Limited арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімнің  арқасында мүмкін болып отыр. Стипендия келесі саладағы басым мамандықтарға бөлінеді: қалпына келтірілетін энергетика, энергиятиімділік және энергияүнемдеу, және мультипәндік мамандықтар: техника және технологиялар, инжиниринг, математика, іргелі ғылымдар және т.б.

Қазіргі уақытта магистратура бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда екі стажер-зерттеуші энергетика және химиялық инжинерия саласында ғылыми-зерттеу қызметінің машығын жетілдіруде олар – Муратов Фархат (The University of Nottingham, MSc in Electrical Engineering for sustainable and renewable energy) және Демеуова Гулзат (University of Leeds, MSc in Chemical engineering).
2013 жылы Nazarbayev University Research and Innovation System Жеке мекемесінде энергетика және физика саласында ғылыми зерттеу жүргізетін екі жас маман магистр дәрежесіне ие болды, олар – Ақмарал Бермұхамбетова (The University of Warwick, MSc in Energy and Power Electronic systems) және Сабитова Айжан (The University of Cambridge, MSc in Physics).
BG стипендиясы 2012 жылдан беріле бастады және келесі екі жылда тағы 4 кандидат таңдалатын болады. BG жас ғылымдарға тамаша мүмкіндік беріп отыр!

apkecm.nu.edu.038527 apkecm.nu.edu.038528 apkecm.nu.edu.038529