БАӘ мұнай компаниялары Назарбаев Университетінің түлектерін жұмысқа шақырады

Нұрлан Кәрімжанов, Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің 2017 жылғы түлегі. Мамандығы бойынша Нұрлан – инженер-химик. Ол  4-курста шетелдік жұмыс берушіден ұсыныс алды. Бұдан бұрын студент оқу барысында Қытай, Нидерланды, АҚШ елдерінде болған еді. Ол ғылыми конференцияларға қатысты әйгілі американдық университетте тағылымдамадан өтті.  Оқу бітірген соң Нұрлан мұнай саласында жұмыс істеу үшін Дубайға кетеді.  Нұрлан Назарбаев Университеті студенттерге мақсатқа жетуге қалай көмектесетіні туралы өз сұхбатында  айтып берді.