Қазақстан қалаларындағы көшпелі бейресми ақпараттық сессиялар

8-20 ақпан аралығында Қазақстанның барлық өңірлері қалаларының тұрғындары Назарбаев Университеті өкілдерімен бейресми кездесу аясында университетке оқуға түсуге байланысты өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкідіктері болды.

Көшпелі бейресми ақпараттық сессияларды Назарбаев Университеті Қабылдау департаментінің қызметкерлері өткізеді. Қазақстан өңірлерінде мұндай ақпараттық сессиялар  университетке оқуға түсу ережелері мен білім алу мүмкіндіктері туралы презентациялармен жыл сайын, НУ іргесі қаланғаннан бері өткізіледі және дәстүрге айналды. Алайда биыл кездесулер форматын өзгертуге  және оларды кабинеттер мен кеңселерде ресми презентацияларсыз өткізуге шешім қабылданды. Кездесулер ыстық кофе ішу барысында өтті, онда барлық қатысушылардың «бүкпесіз» сөйлесу және НУ-ға оқуға түсуге дайындық процесінің кез келген егжей-тегжейлі мәселелері туралы сұрауға мүмкіндіктері болды.    

Қорытындысында  биыл Назарбаев Университетіне оқуға түсу мақсатын қойған 300-ден астам әлеуетті магистранттар мен докторанттар университетке грантқа оқуға түсу туралы өздерін қызықтыратын ақпарат алды.

Бір айта кететін жағдай, бүгінгі таңда НУ студенттерінің 95% – дан астамы мемлекеттік грант негізінде білім алуда. 

2010 жылдан бастап талапкерлердің, егер талапкер грант алушылардың тізіміне енбеген және бұл ретте НУ-ға оқуға түсу үшін үміткерге қойылатын барлық талаптарға сай болған жағдайда ғана НУ-ға ақылы білім алуға оқуға түсу мүмкіндігі бар.