Ауыл оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасы Назарбаев Университетте өтті

2018 жылдың 2 шілдесінде Назарбаев Университетте IQanat олимпиадасы басталды. Шығыс Қазақстан облысы 6 ауданының 9-сынып оқушысы болып табылатын, 180 финалға қатысушылардың арасында ең мықтылары анықталды. Жеңіске жеткендер ұлттық және шетел университеттерінің гранттарын иемденеді. 4 шілдеде олимпиада қатысушылары үшін олипиаданың республикалық кезеңінің жеңіскерлерін марапаттау және қазақ эстрадасының артисттері қатысумен гала-кеш ұйымдастырылды.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat републикалық бағдарламасы - қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты - ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру.Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғарғы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.