Астанада регенеративті медицина және ұзақ өмір сүру сапасы бойынша халықаралық конференция ашылды

Аталған конференцияның мақсаты – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Корея, Ресей мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын регенеративті медицина мен ұзақ өмір сүру саласындағы жаңа стратегияларды талқылау үшін жинастыру. Бұл күндері Астанада осы саладағы озық зерттеулер мен әзірлемелер ұсынылады. Конференция әлемге әйгілі болашақ медицинаны жасаушы, яғни геномика, дербес медицина, биоинженерия және регенеративті медицина, геронтология, онкология, жасушалы биология және т.б бағыттарды дамытып жүрген ірі тұлғаларды біріктіре түсті.
Ұлыбританияның танымал геронтологы, CNN және ВВС телеканалының жиі қонағы доктор Обри де Грэй конференцияға қатысуда. «Қартаюдың стратегиялық инжинирингі» қазіргі заманғы теориясының негізін қалаушы. Бұл теория адам организмін елеулі түрде жасарту мен ұзартуға ғылыми мүмкіндігін қарастырады.
«Қазіргі таңда регенеративті медицина өмір туралы ғылымдар саласында аса қызық бағыт болып табылады. Бұл бағыт оноклогиялық, жүйке, ортопедиялық және тіндер мен органдардың дегенерациясына қатысты басқа да ауруларды емдеуге көптеген мүмкіндіктер ұсынады», деп Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу өзінің конференция бағытталған құттықтау сөзінде айта кетті. Регенеративті медицина саласы бойынша әзірлемелерді конференцияда толығырақ АҚШ, Питтсбург университетінің профессорлары Алан Рассел және Эрик Лагассе ойларын бөлісе кетті.
«Өмір туралы ғылымдар орталығында Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектеріне геномика, регенеративті медицина, биоинженерия мен ұзақ өмір сүру медицинасы саласындағы инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Олар танымал ғалымдармен бірге жасанды органдарды жасауға, геномды ұлғайтуға, ауруларды емдеу мен диагностикасы, оларды ескерту мен жаңа дәрілерді әзірлеуге қатысып, Қазақстанның пациенттерін ғана емес, басқа да елдердің пациенттерін аурудан құтқаруға мүмкіндік береді. Дәл осы мамандар қазақстандық денсаулық сақтауды сапалы жаңа деңгейге көтеруге өз үлестерін қосады. Өмір туралы ғылымдар орталығының ғылыми әзірлемелері медицинаның жорулығын, нақтылығын және дербестігін қамтамасыз етеді» деп Назарбаев Университетінің Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Алмаз Шарман айта кетті.
«Біз Қазақстан Республикасы халқы үшін ұзақ және сау өмір сүруді қамтамасыз ету үшін практикалық шешімдерді енгіземіз. Бұл конференция жаңа идеиялардың талпыныс жасауына, сонымен қатар инновация мен ғылыми жетістіктердің тығыз одағы дамуына өз әсерін тигізетіндігіне сенеміз» деп өзінің құттықтау сөзінде Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдары орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов айтып кетті.
Конференцияның тағы бір қонағы танымал эмбриологтар: Кейт Кэмпбелл, Долли қойларын жануарларды клондау бойынша әлемдегі тұңғыш болып жасалған жобаның қатысушысы, сонымен қатар Алиссон Мэрдок, ол да адам эмбрион жасушасын қайта бағдарлау саласы бойынша белсенді еңбек етуші тұлға.
Биомедициналық білімнің ұлғаю шамасына байланысты ауруларды ескерту мен емдеудің жаңа әдістері жасалуда. Аурудың генетикалық себептерін терең түсінуге негізделген дербес медицина мақсатты түрде және тиімді түрде көптеген ауруларды емдеуге мүмкіндік туғызады. Осылардың барлығы өмір кеңістігін ұзарта түседі. Геномика мен дербес медицинаға Дьюк университетінің профессоры Джефри Гинзбург профессорының баяндамасы бағытталғын. Қартаю созылмалы, аутоиммунды және онкологиялық аурулардың ұлғаю қаупімен түсіндіріледі. Дәрігер алдында ауруды емдеумен қатар пациенттің жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету тұрады. Бұл аурулардан сақтанудың және күнделікті өмір жағдайына белсенді қатысуға еркіндік бере түседі. Қартаюға, оның ішінде обырмен күрес жөніндегі баяндама жасаушы Жапония, АҚШ және Қазақстан ғалымдары сөз сөйлейді.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090