Астанада өтетін халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы әлеуметтік мемлекеттіліктің даму мәселелері талқыланады

2013 жылғы 6 тамызда сағат 16:15-те Назарбаев Университетінде Орталық Азия зерттеулері еуропалық қоғамының (ESCAS) халықаралық конференциясы шеңберінде «Көші-қон, әл-ауқаттылық және мемлекет: кеңес дәуірінен кейінгі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында сессия өтеді. Осы сессияның мақсаты – әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларындағы бірқатар проблемаларды қарастыру, сондай-ақ кеңестік дәуірден кейін құрылған мемлекеттердің оларды шешудегі қызметінің тиімділігін талдау. Пікірталасқа  қатысушылар мемлекеттік емес құрылымдардың халықты тиісті әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудегі рөлін талқылайды.
«Мен Назарбаев Университетінің ESCAS 2013 үшін қабылдаушы жақ болғанына өте қуаныштымын,» – дейді Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің  вице-деканы және ассистент-профессоры Дэниэл Пью, «Бұл конференция бүкіл әлемнің Орталық Азия өңірі бойынша танымал ғалымдарын біріктіреді. Осы мәселе төңірегіндегі ойларымен алмасатын, осыншама көп сарапшыларды бір жерде көру өте сирек болатын, таңдануға тұрарлық жайт және де мен қызу пікірталас өтетін сәтті асыға күтудемін. Назарбаев Университетінің қоғамдастығы осы іс-шараны өткізуден үлкен пайдаға шығады, және де бұл біздің тез арада Орталық Азия бойынша зерттеулер үшін негізгі алаң болып отырғандығымызды көрсетеді». Сессияның бағдарламасы 3 тақырыпты қамтиды: «Кеңес дәуірінен кейінгі Қазақстандағы «шекаралардың әлеуметтік жұмысы» – София Ан, Университет Торонто, «Қазақстандағы өңірлік даму, әлеуметтік теңсіздік және еңбек даулары: Жаңаөзеннен кейінгі екі жыл» – Елена Мальцева, Назарбаев Университеті, «Еңбек көші-қонының әсері: Әйелдерді қорғау мақсатында тәжік отбасы құқығы саласын реформалау себептері» – Дильбар Тураханова, тәуелсіз ғалым.

Орталық Азия зерттеулері еуропалық қоғамының конференциясы ең алғаш рет 1987 жылы Ұлыбританияда, Лондонда Шығыстану және африканистика мектебінде өткен. Содан бері бұл іс-шара әлемнің 11 елінде екі жылда бір рет кезеңділікпен өтіп отырады. ESCAS –тің осы конференциясы Орталық Азияда, атап айтқанда Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) алғаш рет өткізілуде. Осының алдындағы конференция 2011 жылы Ұлыбританияда Кембридж Университетінде өткен болатын.

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706091
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz