Астанада Орталық Азия бойынша халықаралық ESCAS конференцияcы өз жұмысын бастады

Астанада, Назарбаев Университетінде Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамының (The European Society for Central Asian Studies / ESCAS) XIII халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараға Азияның, Еуропа мен Солтүстік Американың 16 елінен 200-ден астам адам қатысады. ESCAS конференциясы Орталық Азия аумағында алғаш рет өтеді.
Іс-шараның ашылу рәсімінде қатысушылардың алдында конференция президенті, доктор Александр Моррисон және Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Даирова сөз сөйледі. «Шынымен де біздің жолымыз болды, Назарбаев Университетінде  Орталық Азия және Еуразия зерттеулері саласындағы танымал ғалымдар жұмыс істейді. Жақында біз Еуразиялық жоғары білім беру көшбасшыларының форумын өткіздік және бүгінгі конференция біз үшін биылғы жылы өңірлік ауқымда өткізіліп отырған екінші іс-шара болып отыр», – деп атап айтты Қадиша Даирова.

Үш күн ішінде қатысушылар антропология, тарих, саясаттану, өнер, әлеуметтану және білім беру саласындағы, оның ішінде көші-қон, ұлттық сәйкестендіру, азаматтық даму, материалдық мәдениет, музыка, қазақ әдебиеті, білім беру, аграрлық сала және тұрғылықты халық, өңірдегі ашаршылық кезеңдері, ислам тарихы, шекаралар тарихы және Орталық Азия елдерінің егемендігі мәселелері бойынша тың зерттеулерді тақылайды.

Конференцияның алғашқы күнгі оқиғасының бірі ғылымның БАҚ-та дәріптелуіне арналған дөңгелек үстел болды. АҚШ, Германия, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің сарапшылары ғылымға қатысты тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында алға жылжыту жолдарын талқылады. Назарбаев Университеті өзінің медиа жұмыс тәжірибесімен  бөлісті.

«Біздің профессорларымыз мен ғалымдарымыз БАҚ-та көбінесе өздерінің кәсіптік бағыттары бойынша сарапшылар ретінде көрінеді. 2012 жылы университет өз студенттері мен қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған түсірілімдер мен сұхбаттасуларды жүргізуге байланысты бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан 200-ден астам сұранысты қанағаттандырды. Бұл сан университетіміздің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыста алдыңғы шепте екенін көрсетіп отыр деп айтуға болады», – деп атап өтті Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаментінің өкілі Динара Құсаин. 
Сонымен қатар, университет дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, жаңа медиа жасау ісіне ерекше көңіл аударады. Осылайша, бүгінгі таңда Назарбаев Университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында Twitter фолловерлері мен Youtube-ке жазылушылар саны бойынша бірінші орын алып отыр.
Еуропалық қоғамның Орталық Азия зерттеулеріне арналған конференция алғаш рет 1987 жылы Ұлыбританияда Лондонда Шығыстану және африканистика мектебінде өткен. Содан бері бұл іс-шара әлемнің 11 елінде екі жылда бір рет өткізіледі. ESCAS-тің бүгінгі конференциясы Орталық Азияда, атап айтқанда Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) алғаш рет өтіп отыр. Осының алдындағы конференция 2011 жылы Ұлыбританияда Кембридж Университетінің жанында өткен.

apkecm.nu.edu.031970 apkecm.nu.edu.031972 apkecm.nu.edu.031973 apkecm.nu.edu.031974

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz