Astana Science Festival алғашқы рет Назарбаев Университетінде өткізіледі

2018 жылдың 4 наурызында Назарбаев Университетінде балалар мен ересектерге арналған Astana Science Festival  –  қызықты әрі танымдық ғылым туралы  іс-шара өткізіледі.

Astana Science Festival іс-шарасы аясында сіз:

  • Қызықты ғылыми жаңалықтар мен фактілері туралы қазақстандық мектеп оқушылары мен жас ғалымдардың сөздерін және пікірлерін тыңдай аласыз
  • Ғалымдар әлемі туралы көп жаңалықтарды біле аласыз және адамдарды ғылыммен айналысуға не ынталандыратынын түсінесіз
  • Ашық зертханалық жұмысқа қатысып, өзіңіздің ғылыми біліміңізді тексере аласыз

Күні: 2018 жыл, 4 наурыз

Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Қабанбай Батыр көшесі, 53 (кіретін есігі Тұран көшесі жағынан), Жоғары бизнес мектебі, С3 блогы

Уақыты: 09.00 – 19.00

Кіру тегін. Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет.  Алғашқы келген 300 қонақты ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтар мен жағымды тосын сый күтеді!

Маңызды ақпарат! Іс-шараға кіру тек қана атаулы тізім бойынша жүргізіледі, сондықтан келушілердің барлығы тіркеуден өту керек. Егер сіз іс-шараға балаларыңызбен бірге келетін болсаңыз, әр баланы бөлек тіркеуіңіз қажет.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРI:

Егер сұрақтарыңыз туындаса, Алматыдағы кеңсеге  info@kz.britishcouncil.org  электронды поштасы арқылы  немесе жұмыс күндері сағат 09.00-18.30  аралығында (үзіліссіз) 8 727 244 41 44 телефоны бойынша хабарласа аласыз.