Америкалық Химиялық Қоғамы Назарбаев Университетінің студенттік секциясы аккредитациядан өткізді

2018 ж. 9 ақпанында Назарбаев Университетінің Ғылым және технология Мектебінің (ҒТМ) бастамашыл топ студенттері  Америка Химия Қоғамымен (American Chemical Society, ACS) Америка Химия Қоғамымының Халықаралық Студенттер Бөлімі ретінде аккредитацияланды. 

– Біз керекті құжаттарды бір жыл бұрын жинауды бастадық. Айтарлықтай көп күш жұмсадық. Сонымен қатар, бідің үйлестірушіміз болуға келісім берген Доктор Тимур Атабаевтың қосқан үлесін атап өту маңызды.Студенттік секцияны ашудың шарттарының бірі  оқытушылар арасынан үйлестірушісі болуы болып табылатың, – деді ҒТМ-ның 3 курс студенті, секция президенті Шыңғыс Садық.

Барлық курстардың және барлық мектептердің студенттеріне  студенттік секцияға кіруге болады, ол үшін қоғамдастықтың acs@nu.edu.kz поштасына өтінішті жіберу керек. Шыңғыстың айтуынша, келешекте кәсіби бағдар беруге  арналған дәрістерді өткізу, студенттерді зерттеу барысына тарту, компаниялар өкілдерімен кездесулер, қызықты жарияланымдар мен тақырыптар бойынша воркшоптар өткізу, зауыттар мен фабрикалардың өндірістік бөлімдеріне бару ұйымдастыруды жоспарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Американдық Қоғам (American Chemical Society, ACS) – коммерциялық емес ғылыми ұйым 1876 жылы Нью-Йорк Университетінде құрылды, штаб-пәтері Вашингтонда, Колумбия округінде орналасқан. Қазіргі таңда, құрамында 150 000-нан астам тұрақты мүше болып табылатың ғалымдар мен әртүрлі өнеркәсіптік салалардың кәсіпқой мамандарың қамтитын Америка Химия Қоғамы өз саласында ең үлкен және ықпалды химиялық ғылыми ұйым. ACS бүкіл әлем бойынша ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жарияланатын 51 журналының алаңы ретінде ұсынылады.