Aлматы қаласындағы Назарбаев Университеті күні

2018 ж. желтоқсанның 9-жұлдызында сағат 10.00-де Назарбаев Университеті күні Қазақстан халқы Ассамблеясының  Достық үйінде (мекен-жайы: Құрманғазы к-сі 40) өтеді.

Іс-шара барысында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламарына түсуге қызығушылық білдірген талапкерлерге презентация және ақпараттық көрме өткізіледі. 

Назарбаев Университетінің түлектері өздерінің университеттегі оқу тәжірибелері мен студенттік өмірі туралы баяндайды. day.nu.edu.kz сайтында тіркелуге үлгеріңіз!