Alma mater: болашақ бүгіннен басталады

Біздің сұхбаттасымыз – Екатерина Хамзина, “Медицина докторы/MD” дәрежесі бар Медицина мектебінің түлегі. Екатерина өзінің Медицина мектебінде оқыған тәжірибесі мен болашақ дәрігерлік мансабы туралы әңгімелейді.

– Өзіңіз туралы, НУ-дағы оқуыңыз туралы қысқаша айтып берсеңіз.

– Менің туған жерім Алматы. Бірақ 2001 жылы менің отбасым Астанаға көшіп келді, дәл осы жерде мен мектепті аяқтап, содан кейін Назарбаев Университетіне түстім. Мен ID2010 деп аталатын ең алғашқы студенттер қатарынанмын. Мұнда Foundation бағдарламасынан кейін мен “Биология” мамандығы бойынша оқуды аяқтадым, ал соңғы төрт жылда “Медицина докторы” бағдарламасы бойынша білім алдым. Білім алу жолында тоғыз жыл өткен соң, мен өзімнің таңдауыма өкінбеймін деп айта аламын!

Мен дәрігер-хирург болғым келеді және жақын арада өз оқуымның жаңа кезеңіне кірісуді жоспарлап отырмын. Ол үшін MD бағдарламасы аяқталғаннан кейін медициналық резидентурада оқуды жалғастыру қажет. Қазіргі таңда Медицина мектебі резидентура бағдарламасы бойынша бес бағыт ұсынады: хирургия, терапия, педиатрия, акушерлік және гинекология, сондай-ақ отбасылық медицина.

– Назарбаев Университетінде оқығаныңыз Сізге не берді?

– Университет қабырғасында өткен тоғыз жыл мен үшін ұмытылмас кезең болды. Назарбаев Университетінің  маған бергені көп. Бұл биологиядағы, медицинадағы іргелі білім, сыни ойлау дағдылары, ағылшын тілін жақсы білу және т.б. Бірақ мен үшін ең бастысы – көптеген қызықты адамдармен танысу болды! Өйткені мұнда Қазақстанның ең талантты және еңбекқор жастары білім алып жүр. Менің танысқан достарым, бұл менің тірегім әрі мені ынталандырушы күш. Бүгін олардың барлығы табысты тұлғалар және мені үлкен жетістіктерге жігерлендіреді. Ұзақ уақыт бойы мен қаланың чемпионы атанған университеттің баскетбол командасының бір бөлігі болдым. Онда мені ешқашан берілмеуге және өз мақсатыңа жету үшін тынымсыз жұмыс істеуге үйретті. Біздің жаттықтырушымыз табысқа жетудің қысқа жолы жоқ деп жиі айтатын, өйткені өмірде барлығына тек қана күнделікті тынымсыз  еңбектің арқасында қол жетеді. Менің альма-матер қабырғасында алған тәжірибем менімен бірге өмір бойы қалатынына және менің болашақ жеңістер мен жетістіктерімнің негізі болатынына сенімдімін.

– Назарбаев Университеті Медицина мектебінің түлектері мен болашақ студенттеріне не тілейсіз?

– Бірінші кезекте түлектерді университетті аяқтауымен және олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтағым келеді. Оларға болашақ бастамаларға табыс тілей отырып, осы үлкен әлемде өз жолын іздеуден қорықпай, қиындықтардан жасқанбай жұмыс істеуге және ең биік шыңдарға жетуге кеңес беремін. Өзіме және өзімнің курстастарыма тілерім ынта-жігерді жоғалтпай бірінші класты маман болыңдар!

Болашақ студенттерге білім алудан ләззат алып сарқылмас  ынта-ықылас тілеймін. Бүгінгі таңда университетте өзін-өзі дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар: сан алуан клубтар ашылды, пәндерді таңдауың үлкен мүмкіндіктері  бар,  алуан түрлі тілдік курстар жұмыс істейді. Жаңа және қызықты істерге батыл кірісіңіз. Жеке тәжірибем көрсетіп отырғанындай, университетте оқу уақыты тез өтеді. Сондықтан бірінші күннен бастап жарқын естеліктер қалыптастырыңыз, жаңа танысуларға жол ашыңыз, қателік жасаудан жасқанбаңыз және тағы да қайтадан бастаңыз.

Медицина жолын таңдағандарға төзімділік тілеймін. Сіздің арманыңызға барар жолда сіз көптеген сыртқы және ішкі сынақтарға тап боласыз. Оларды жеңу оңай болмайды, бірақ атқарылған жұмыстың нәтижесі қанағаттандыратыны сөзсіз. Өз университетіме одан әрі дами беруін  тілеймін және нық сеніммен айтайын дегенім, таяудағы болашақта атақтары бүкіл әлемді жаңғыртатын талантты  студенттер бұдан да көп болсын деп тілеймін!