Әлеуметтану және антропология кафедрасының студенттік конференциясы

Сенбі, 7 сәуір 2018, Әлеуметтану және антропология кафедрасы өзінің алғашқы жылсайынғы конференциясын өткізді. Бұл іс-шара антропология және әлеуметтану пәндері төртінші курсының он студентіне зерттеу жүргізуге және кафедра мүшелеріне, ГӘҒМ қоғамдастығына және Астана қауымдастығына өздерінің нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік беретін бір жылдық негізгі курстың ойдағыдай аяқталуы болды.

Конференцияға ГӘҒМ-ның оқытушылары, магистранттары мен түлектері, сонымен қатар декан – Даниэль Пу және Ректордың академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Лоретта О’Доннелл қатысты.

Конференцияның себепшісі болған, негізгі курстың мақсаты үш бөлімнен тұрады. Біріншіден, бұл тәжірибе студенттерге антропология және әлеуметтану саласында білім мен дағды алуларына мүмкіндік берді және тәуелсіз курстық зерттеу жобаларын әзірлеп, қолдануға болатынын көрсетті.

Екіншіден, студенттер өз білімдерін университеттен тыс қалай қолдануға болатынын ойластыруға мүмкіндік алды. Бұл әсіресе Астанадағы мемлекеттік ұйымдар және бизнеспен бірлесіп жүзеге асырылған студенттердің курстық жұмыстарында байқалды. Зерттеу нәтижесінде студенттер осы компанияларға шешім қабылдауға көмектесетін ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар, осы жұмыс барысында студенттер болашақта жұмыс іздеуде де, кәсіби мансапта да көмектесетін дағдыларға ие болды.

Семинардың үшінші мақсаты – білім алушыларға өздерін зерттеуші және әлеуметтанушылар мен антропологтардың қоғамы ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Зерттеу мәселелерін қалыптастыру, деректерді жинап, талдау және әріптестер мен қоғамдастық мүшелеріне нәтижелерді тарату процесі арқылы студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренді, өз жұмысының шектеулері туралы білді және әлеуметтік  ортаны өзін қызықтыратын іспен таныстырды. Курстық диссертацияны орындаған студенттер үлкен тәжірибе алады. Бұл тәжірибе академияда өз жұмысын жалғастырғысы келетіндер үшін бастау болып табылады.

Біздің студенттер Оңтүстік Корея мен АҚШ-та өткен халықаралық конференцияларға өздерінің алғашқы зерттеулерін ұсынып келеді. Ал басқа студенттер өз жұмыстарын мамандандырылған журналдарда жариялауды жоспарлап отыр.

Келешекте ГӘҒМ Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының, сондай-ақ, Астанадағы басқа университтердің студенттері мен оқытушыларының қатысуын қамтамасыз етуге тырысады.