ABC HACK 2017 Хакатонның алғашқы ашылуы

16-17 қыркүйекте Назарбаев Университетінің Astana Business Campus Технопаркында жас бағдарлама жасаушыларға, әзірлеушілерге арналған 24-сағаттық нон-стоп режиміндегі бірінші ашық хакатон ABC Hack өтті. Қатысушылар екі күн бойы дайын жобалар және қойылған тапсырмалар үшін шешім әзірледі, тәжірибе алмасты, жеңіске жету және 1 млн. теңге мөлшеріндегі сыйақы қорын алу үшін сынға түсті!
Шараны GE қолдауымен «Nazarbayev University Research and Innovation System»ЖМ ұйымдастырды.

Хакатонға Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектерін қоса алғанда, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 120-дан астам қатысушылар жиналды. Командалар мен әзірлеушілер «Қазпошта» АҚ, Chocofamily, Naimi.kz, Ernst&Young, Kazdreamtechnologies және GeneralElectriс компаниялары үшін 40-тан астам жоба ұсынды. Алдында серіктес компаниялар хакатон қатысушылары үшін, әрбір қатысушы тапсырмамен танысып және дайындалу мүмкіндігіне ие болатын тапсырмаларды шаралардың ресми сайтында жариялаған болатын.

Хакатонның бірінші күнінің қарқынды бағдарламасына серіктес компаниялардың тапсырмаларының тұсаукесері, қатысушылардың менторлармен танысуы, команда құру, тапсырма таңдау, сондай-ақ FabLab сандық прототиптеу зертханасындағы мастер-класс кірді. Хакатонның екінші күнінде шара қатысушылары үшін MediaLab мультимедиялық зертханасының базасында UX/UIdesign бойынша тәжірибелі дизайнерлерден консультациялар, сондай-ақ тұсаукесерді сәтті өткізу үшін финалдық жобаларды ресімдеу және беру ұйымдастырылды. Сонымен бірге, шара жобасына check-points бірнеше кезеңі кірді, оның аясында мақсат қоя білу және жобаларды жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілді, хакатонның алғашқы күнінің, сондай-ақ тұсаукесер мен зерттемелердің прототиптерін дайындау қорытындылары шығарылды. Жас бағдарлама жасаушылар мен әзірлеушілерді үстел үсті теннисі және PlayStation бойынша турнир кіретін, ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды.
Серіктес компаниялар қойылған тапсырмалардың тек жаңа және жасампаз шешімдерін алып қана қойған жоқ, сонымен бірге өз компаниясы үшін білікті және тәжірибелі кадрларға да ие болды.Хакатон жеңімпаздарына сыйлықтар тапсыру салтанатының барысында Ernst&Young компаниясының тосын сыйы қатысушылар мен ұйымдастырушыларды қатты таң қалдырды, олар сыйлық қоры мен жеңімпаздарға берілетін ақылы тағылымдамадан басқа, қатысушылардың барлығына – межелік деңгейі төмен, яғни түсу тестісі мен ис емтихандарынсыз, тек сұхбаттасу арқылы тағылымдамаға жұмысқа тұруға ерекше мүмкіндік ұсынды.

Әділқазылар ретінде тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар және Қазақстанның ірі компанияларының өкілдері қатысты. Олардың ішінде - ZeroToOneLabs.com мобильді қосымшалар студиясының және N17R.com мектебінің негізін салушы және СЕО – Арман Сүлейменов, Power WiFi негізін салушы және СЕО, Love to Code бағдарлама жасаушылар мектебінің ортақтас негізін салушы – Алена Ткаченко, Teslasoft негізін салушы және СЕО, ReLog (курьерлік қызметтерге, дистрибьютерлік және көлік компанияларына арналған бұлтты бағдарлама) СЕО – Бауржан Рустемов, iBEC Systems ортақтас негізін салушы және СЕО – Саят Уважанов, Method бағдарлама жасаушылар мектебінің ортақтас негізін салушы және директоры – Дагар Давлетов, Techpreneurs негізін салушы және INO Business - Интернет маркетинг агенттігі СЕО – Магжан Мадиев болды. Негізін салушы - Techpreneurs және CEO INO Business – Интернет-маркетинг агенттігі.
ABCHack 2017 сыйлық қорына:
- 1 млн теңгеден артық сыйлық қоры
- жұмысқа шақыру немесе ақылы тағылымдама
- Fab Lab сандық прототиптеу зертханасына жылдық абонементтер
- Media Lab мультимедиялық зертханасына жылдық абонементтер
кіргендігін еске саламыз.
Жеңімпаз командалар:
• Chocofamily –«165» командасы. Қатысушылар: Ибрагим Ильясов, Саддам Асматуллаев. Сыйлық: 150 000 теңге
• KazdreamTechnology –«Method» командасы. Қатысушылар: Даулет Амирханов, ЕлжанЗейнулла, АлимухамедТлекбаи. Сыйлық: 500 евро + ақылы тағылымдама.
• Қазпошта – «Antihype» командасы, Ербол Кожасар.
• GeneralElectric –«Pampi» командасы. Қатысушылар: Тимур Байниязов, ДидарМусаханов. Сыйлық: 200 000 теңге
• Ernst&Young –«cs/mas» командасы. Қатысушылар: Алиби Жангелдин, Олжас Кабдолов, Алибек Жакубаев. Сыйлық: 150 000 теңге
• Naimi.kz –«CodeMasters» командасы, Қатысушылар: Айдар Бабанов, Бауыржан Жангабылов, Серик Жилибаев.
• «EFGHack» командасы, Қатысушылар: Райхан Хасенова, Нурдаулет Кенгес, Мерей Рамазанова. Сыйлық: 100 000 тенге
 AstanaBusinessCampus-тан арнайы сыйлық – Fab Lab сандық прототиптеу зертханасына және Media Lab мультимедиялық зертханасына жылдық абонементтер, «Thinkaboutthis» командасы, Қатысушылар: Бауыржан Нургалиев, Диас Сугуров, Серикжан Кажиев.
ABCHack 2017 – бұл тек нон-стоп режимінде кодтау форматындағы әзірлеушілерге арналған конкурс қана емес, сондай-ақ тәжірибелермен алмасу, кадрлар іздеу, компания, сондай-ақ жас бағдарлама жасаушылар мен әзірлеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашу алаңы.

Хакатон, семинар, конференция, мастер-класс немесе тренинг ұйымдастырғыңыз келе ме? Немесе біздің шараға қатысуды қалайсыз ба? Бізбен хабарласыңыз:
+7 (7172) 70 61 28
Pr.nuris@nu.edu.kz
Немесе әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшамызға жазылыңыз және AstanaBusinessCampus инновациялық кластерінің соңғы жаңалықтарын қадағалаңыз:
FB | Instagram | VK @astanabusinesscampus