ABC Forum 2017 зияткерлік дамудың І халықаралық форумы Астанада өтті

Назарбаев Университеті Astana Business Campus Технопаркінде «Қазақстандағы технологиялық кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында ABC Forum 2017 зияткерлік дамудың І халықаралық форумы 2017 ж. 24-25 тамызда өтті. Astana Business Campus Технопаркі екі күнге Қазақстандағы технологиялық кәсіпкерлік пен зияткерлік даму саласындағы тәжірибе мен білім алмасудың басты алаңына айналды.

Іс-шара 200-ден астам танымал сарапшыларды, қазақстандық және шетелдік бизнестің топ-менеджерлері мен, мемлекеттік құрылымдардың, венчурлық қорлардың, даму институттарының, қаржылық ұйымдардың, ЖОО-ның өкілдерін, сонымен қатар жаңашыл кәсіпкерді, ғылыми қызметкерлерді және қазақстандық және шетелдік университеттердің коммерциялау кеңселерінің өкілдерін жинады.

Қонақтарды барлық оның акпектілеріндегі негізгі тақырыптарды зерттеуге арналған түрлі пішімдер іс-шараларының кең бағдарламасы күтді: интерактивті Demo сессиялар мен мастер-кластар, АВС зияткерлік кластерінің, сонымен қатар акселерациядан өткен стартап компанияларының, Технопарт резиденттерінің және Назарбаев Университеті Fab Lab жабдығының, және де Shell technical solutions үздік жобаларының көрмесі, дөңгелек үстелі, тұсаукесерлері, панельдік пікірсайыстар, семинарларымен қатар Demo Day, «ABC Quick Start 2017» акселерациялық бағдарламасының қорытындысы шығарылды.

Форум шеңберінде «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ Бас директоры Айдар Жакупов Astana Business Campus инновациялық кластерінің тұсауын кесті, ол Технопарктен, Коммерциализация кеңсесінен, Бизнес-инкубатордан, Тәжірибе-эксперимент цехінен және Назарбаев университетінің келісімдік зерттеулер кеңсесінен құралады. Стартап-компаниялар, инноваторлар және ғалымдар, сонымен қатар, кәсіпкерлер, инвесторлар мен бизнес періштелер үшін Astana Business Campus серіктестік мүмкіндіктері көрсетілген

«Жоғары технологиялы бизнесті дамыту үшін Astana Business Campus ұлттық компанияларға, стартаптарға, даму институттарына, инвесторларға және жалпы қалаға қызметтердің кең шеңберін ұсынады. Бұл R&D орталықтары мен зертханаларын орналастыру, келісімді зерттеулер, перспективті инновациялық жобаларды іздеу және іріктеу, қаладағы технологиялық міндеттердің шешімін табу, кадрлар мен жобаларға қол жетімділік, даму стратегияларын, тұжырымдамаларын әзірлеу, нетворкинг, тренингтер және дөңгелек үстелдерден бастап әлемдік сарапшылар мен пікір көшбасшыларының қатысуымен өтетін шараларға дейін әр түрлі форматтағы іс-шаралар болуы мүмкін» - деп айтып кетті Айдар Жакупов өз сөзінде.

Назарбаев Университеті ABC Forum 2017 қатысу үшін спикер ретінде Ұлыбритания (Оксфорд Университеті), АҚШ (Penn Center for Innovation, University of Pennsylvania), Ресей(Академпарк, Новосибирск) және Украина (ArtKB, Киев) елдерінен сарапшылар шақырғанын айта кету керек.