«Күн батареясымен жұмыс істейтін машина» жобасы

2016-2017 академиялық жылы Университет алдындағы дайындық оқу бағдарламасы шеңберінде жаһандық жылынуға қарсы және орнықты экономика үшін күрес құралы ретінде қалпына келтірілетін энергеия көздерінің маңызын баса көрсету үшін Дайындық мектебінің физиктер командасы «Күн батареясымен жұмыс істейтін машина» жобасын іске қосты, оны бағдарлама тыңдаушылары (физика бағыты бойынша) бірінші семестрдің екінші жартысында (7 апта ішінде) орындады. 

IMG_0512Тыңдаушылыр 3-4 адамнан тұратын командаларға бөлінді. Әр команда қозғаушы күші күн батареясы болатын кішкентай машинаны жобалауы, құрастыруы және басқаруы қажет болды. 102 команда өзара бәсекеге түсті, машинаның сенімділігі, эстетикалық тартымдылығы, инновация және жұмыс істеуі бағалаудың негізгі критерийлері болды, тиісінше төрт баға қойылды. Дайындық мектебі әр командаға негізгі жинақтауыш бөлшектер (күн батареясының панелі, қозғалтқыш, тетіктер мен дөңгелектер) берді. Сондай-ақ командаларға автомобиль дизайнына жаңалықтар енгізуге және басқа да материалдарды пайдалануға мүмкіндік берілді.

IMG_0500
Командалардың жұмыстары 7 апта бойы бақылауда болды. Тыңдаушылар автомобилдің дизайнын жаңартып, өз жобаларымен жұмысты жалғастырып, зертханалық сабақтар уақытында машиналарды тестілеуден өткізді. Машиналардың сенімділігі, эстетикалық тартымдылығы, инновация және жұмыс істеуі бойынша бағалаудан кейін 2016 жылы 8 желтоқсанда 102 машина олардың жұмыс істеуінің қорытынды бағасын шығару үшін алдын ала салынған үш жолда жарысқа түсті. Машиналар жақсы жұмыс істейтінін көрсетті, автомобильдердің 50%-ы 5 метр қашықтықты 3.5 секундтан аз уақытта жүріп өтті, 2 басты жеңімпаздар үшін толық есеп 94% және екінші орын үшін – 92.3%.

IMG_0478

IMG_0581